"Барселона" Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды

127

"Барселона" футболдан Испания Суперкубогының финалында "Реалды" жеңді.

"Барселона" Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды

Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы "King Abdullah Sports City" стадионында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. "Барселона" сапында Рафинья дубль жасап, Роберт Левандовски бір голдың авторы атанды. Ал "Реал" құрамында Винисиус Жуниор мен Гонсало Гарсия мергендік танытты.

90+1-минутта "көк-алақызылдардың" жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қызыл қағаз алды.

Осылайша, "Барселона" Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды. Ал "Реалдың" еншісінде 13 трофей бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу