"Барселона" мен "Интер" ойыны тең аяқталды

455

Қарымта кездесу Миланда өтеді. 

"Барселона" мен "Интер" ойыны тең аяқталды Фото: nytimes.com

30 сәуірде УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында Испанияның "Барселона" мен Миланның "Интер" командалары арасындағы алғашқы ойын 3:3 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесудің алғашқы минуттарында "Интер" клубының ойыншысы Маркус Тюрам гол соғып, есеп ашты. 21-ші минутта Дензел Дюмфрис бұрыштамадан келген допты қақпаға бағыттап, есепті 2:0-ге жеткізді.

"Барселонаның" 17 жастағы футболшысы Ламин Ямаль ойынның 24-інші минутында гол соқты. Кейіннен испаниялық клубтың футболшысы Ферран Торрес есепті теңестірді.

"Интердің" ойыншысы Дюмфрис қақпаға тағы бір гол салып, командасын алға шығарды.

Ойынның соңында италиялық клубтың қақпашысы Ян Зоммер өз қақпасына гол жіберіп, осылайша есеп қайта теңесті.

Қарымта кездесу 6 мамырда Милан қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу