Барселона мен Реал ешкімді ренжітпей тең тарасты

2392

Бұл матч көпшіліктің ойынан шыққан шығар. Әрине, әр команданың жанкүйері үшін жеңгені жақсы еді, бірақ, жеңілгеннен гөрі, тең нәтиже жақсы екені түсінікті жағдай.

Барселона мен Реал ешкімді ренжітпей тең тарасты

Ойын өте тартысты өтті. Барселона бұл жолы өз алаңында ойнады. Камп Ноу стадионы лық толды. Испания чемпионатының 14-тур ойыны деп айта алмайсың, қарап отырып, Әлем чемпионатының финалы ма деп қаласың. Осыншама жанкүйерді ешбір ұлттық чемпионат жинай алмайтыны анық. Сол себепті де бұл ойынды эль-класико деп атауының да өзі дұрыс шығар.

Алаңға екі команда мынадай құрамда шықты:

Барселона: Тер Штеген – Роберто, Пике, Маскерано, Альба – Ракитич, Бускетс, Гомеш – Месси, Суарес, Неймар

Қосалқы: Силлессен, Д.Суарес, Туран, Иньеста, Алькасер, Динь, Умтити

Реал: Навас – Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело – Модрич, Ковачич – Васкес, Иско, Роналду – Бензема

Қосалқы: Касилья, Пепе, Начо, Родригес, Каземиро, Диас, Асенсио

Бас арбитр – Клос Гомес

Ойын басында мадридтік клуб бірден шабуылға көшіп, Барселона қақпасының кілтін табуға тырысып-ақ бақты, алайда, не Роналдоға, не Бенземаға, не басқаларына барселоналықтар Пике, Маскеранолар еш мүмкіндік бермеді. Криштиану Роналду доппен алға ұмтыла бастағаннан, барса фанаттары тықсырып, оған деген қарсылығын бүкіл ойын бойы білдіріп отырды. Алайда, ондайға еті үйренген Роналду ерегіскенде мәз боп күліп те қояды. Бірақ, өкінішке қарай, Криштианудың бұл ойында жолы болмады, гол соға алмады.

Бұдан кейін Барсалықтар шабуылдаумен болды. Олардың да есеп ашуға біраз мүмкіндігі болды, бірақ, бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалды 0-0.

Тек екінші таймның 59-шы минутында ғана айып добы белгіленіп, Неймардың әдемі шығарған пасымен есеп ашылды. Баспен гол соққан Луис Суарес. 1-0. Барса алға шықты.

Бұдан кейін корольдік клуб намысқа тырысып шабуылдаумен болды. Тіпті, 60-шы минутта есеп теңестіруге жақсы мүмкіндік болды. Алайда, Бензема Ковачичтің шығарып берген әдемі добын қақпаға кіргізе алмады. Бұдан соң Барселона жетекшісі Луис Энрике, алаңға Ракитичтің орнына Иньестаны алмастырып шағарды. Иньестаның шығысымен Неймарда күшті мүмкіндік болды, бірақ, доп қақпаға кірмей қойды.

Осылайша, тартысты ойынның соңына таман, дәлірек айтқанда, соңғы минутта әупірімдеп жүріп корольдік клуб есепті теңестіріп кетті. Модрич айып добын жақсы көтеріп берді, нәтижесінде Серхио Рамос баспен гол соғып, матчың нүктесін қойды. Есеп 1-1.

Келесі эль-класико 2017 жылдың көктеміне белгіленген. Испания чемпионатының 2-айналымында бұл екі команда 23 сәуірде Мадридте қайта жолығады.

Сонымен, турнир кестесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. 14 ойыннан кейін Реал Мадрид бұрынғысынша көш бастап тұр. Барселонадан 6 ұпайға алда келеді. Тиісінше, Реалда 36, Барселонада 30 ұпай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу