"Барселонаның" 6 ойыншысы елордаға келеді

3161

Атақты "Барселона" командасының 6 ойыншысы Испания жастар құрамасымен Нұр-Сұлтан қаласына келеді.

"Барселонаның" 6 ойыншысы елордаға келеді

Еуро-2021 додасының іріктеу жарысы аясында Қазақстан жастар құрамасы Испаниялық құрдастарымен күш сынасады. Бұл ойынға Еуропа чемпионы атағы бар Испания "Барселонаның" 6 ойыншысын алып келе жатыр. Олардың ішінде Испан Ла-лигасында 2 нәтижелі пас беріп, 1 гол соққан Карлес Перес бар. Сонымен қатар, құрама команда қатарында Мануэль Морланес те бар. Ол осыған дейін "Вильярреал" сапында "Астана Аренада" өнер көрсетті. Ал шабуылшы Дани Ольмо кезінде Қазақстан Президенті кубогы жарысында жарқырап көрінген болатын.

Қақпашылар: Дани Мартин ("Бетис"), Альваро Фернандес Льоренте ("СД Уэска"), Иньяки Пенья ("Барселона");

Қорғаушылар: Айтор Буньюэль ("Расинг"), Эрик Гарсия ("Манчестер Сити"), Хуан Миранда ("Барселона"), Хосе Амо ("Севилья"), Хорхе Куэнка ("Барселона"), Марк Кукурелья ("Хетафе"), Педро Порро ("Вальядолид");

Жартылай қорғаушылар: Фран Бельтран ("Сельта"), Алехандро Посо ("Севилья"), Карлес Аленья ("Барселона"), Ориоль Бускетс ("Твенте"), Поль Лосано ("Эспаньол"), Оскар Родригес ("Леганес"), Хави Пуадо ("Эспаньол") және Мануэль Морланес ("Вильярреал");

Шабуылшылар: Дани Ольмо ("Динамо" Загреб), Карлес Перес ("Барселона"), Абель Руис ("Барселона"), Ферран Торрес ("Валенсия") және Андрес Мартин ("Райо Вальекано").

Айта кетуіміз керек ойын "Астана Арена" стадионында өтеді. Матч 6-қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу