"Барыс" 11 матчтан тұратын жеңілістер сериясына нүкте қойды

804

"Адмирал" мен "Барыс" командалары арасындағы екінші ойында қазақстандық команда жеңілістер сериясын үзді. 

"Барыс" 11 матчтан тұратын жеңілістер сериясына нүкте қойды Фото: шайба.кз

Владивостоктағы екінші кездесу 3:2 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Алғашқы кезеңде қазақстандық клуб жауапсыз екі гол соқты: Евгений Рымарев 14-минутта, Энтони Камара 19-шы минутта қарсылас қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңде "Барыс" 35-минутта Рымарев соққан шайбадан кейін есепті ұлғайта түсті.

"Адмирал" есепті минимумға дейін қысқартқан финалдық кезең қазақстандық клуб үшін қауіпті болды деуге болады. Александр Горшков (45 минут) пен Дмитрий Завгородный (58 минут) гол соқты. Дегенмен елордалық клуб басымдықты сақтап қалды.

"Адмирал" — "Барыс" матчынан кейін (2:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз жиыны өтті. Барыстың бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Болякин, "Барыс" ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

— Бұл жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Осыған дейін бізде ұзаққа созылған жеңілістер сериясы болып еді. Осыған дейін айтқанымдай бізде гол соғуға жеткілікті сәттер бодв, тек сәл-пәл сәттілік жетпей жатты. Бүгін хоккей Құдайы біздің жағымызда болды. Керек кезде Паскуале керемет ойнады, әсіресе ойын басында ол команданы ойында ұстады. Қарсылас гол соғатын жеткілікті сәттерді жасады, бірақ біздің қақпашының шеберлігі ойынды біздің пайдамызға аяқтауға мүмкіндік берді.

— Екі команда да, өкінішке орай, плей-оффтан тыс қалды, бірақ бүгінгі ойын тамаша болды, плей-офф деңгейінде өтті десе де болады. Мұндай қарқынмен ойнауға не себеп?

– Ен алдымен, біз жанкүйерлеріміз үшін ойнаймыз, сондықтан жігіттерден барын салып ойнауды сұрадық. Біздің жанкүйерлеріміз жеңісті күтіп қалғандарын ойыншыларға жеткіздік.

– Екінші кезеңде қақпаға бағытталған соққылар бойынша "Адмирал" командасы 19-1 есебімен алға шыққан да сәт болды, бірақ кезеңнің орта тұсында "Барыс" мүлдем басқаша ойнай бастады.

– Біз ойын схемасын өзгерттік, себебі бүгін көрсеткіміз келген хоккей үшін бізде ойыншылар құрамы жетпеді. Сондықтан жарнамалық үзіліс болған кезде біз команданың ойын схемасын өзгерттік және түбінде бізге сол схема жеңіс әкелді.

— Команда көшбасшыларының, ең алдымен легионерлер көрсеткен ойынға көңіліңіз тола ма?

— Легионерлер бұл екі ойынды өте жақсы өткізді. Егер бізде олар сәл көбірек болғанда, нәтиже де жақсырақ болар еді. Біздің Червени, Грант сияқты ойыншылардың жарақат алып қалғанын бәрі біледі, отбасындағы жағдайға байланысты Скленичка келе алмады. Сондықтан ойынға шығатын буын құрамдарын өзгертуге мәжбүрміз, осылайша жағдайды түзетуге тырысып жатырмыз. Бірақ біз гол соғуға болатын сәттерді көптеп жасадық: үй айдынында "Амурмен" тең ойнадық, СКА командасына тек буллиттер сериясында жол бердік. Гол соқпастан ойнау қиын, ал бүгін көп гол соқтық сондықтан жеңілдеу болды.

Осы матчтан кейін 51 ұпай жинаған "Адмирал" "Шығыс" кестесінде 11-ші қатарда тұрса, "Барыс" 48 ұпаймен 12-ші орында тұр. Қазақстандық клуб келесі кездесулерін Хабаровскіде "Амурға" қарсы өткізеді. Ойындар 16 және 18 ақпанға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу