"Барыс" әдеттегідей, тағы да жеңілді

955

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының айналмалы маусымының кезекті матчында Санкт-Петербург қаласының СКА командасынан ұтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Барыс" әдеттегідей, тағы да жеңілді

"Барыс" соңғы кездесуін 5 ақпан күні Мәскеуде өткізіп, қосымша уақытта жергілікті ЦСКА-ны күтпеген жерден жеңді. Дегенмен, қазақстандық клуб мүлт кеткен аптада Шығыс конференциясындағы плей-офф жолдамасы үшін күресте бәсекелестері уақытты босқа өткізген жоқ. Хабаровск қаласының ұжымы "Амур" осы жеті күннің ішінде үш рет жеңіліске ұшырады. Нәтижесінде 62 матчтан кейін 65 ұпай жинаған Хабаровск командасы Шығыс конференция кестесінің сегізінші сатысына көтерілді. 63 кездесу өткізген Челябинск қаласының "Тракторы" олардан бір ұпайға қалып қойды. Ал 62 кездесуден кейін 59 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс кестесінде соңғы орында тұғын.

Айдын иелеріні жеңіске жету мәселесі матчтың төртінші минутында қиындай түсті. "Барыс" қақпашысы Юлиус Гудачектің шайбаны шығару кезіндегі сәтсіз әрекетінен кейін Захар Бардаков шайбаны тосып алып,әріптесі Игорь Ожигановтың алдына салып берді. Ол шайбаны шертіп тұрып дәл "тоғыздыққа" жіберді. Ал матчтың 16-минутында әскери команда өз басымдығын еселей түсті: Гудачек қайтарған шайбаны Святослав Гребенщиков қақпаға дәл көздеді, есеп 0:2.

Одан кейін есеп 0:3 болып, елордалықтар қиын жағдайды одан сайын ушықтырып алды. Бояркин бірінші кезеңнің қалған бір жарым минутында қақпасын голдан аман ұстады. Алекс Грантесеп айырмасын қысқартқан соң, бір-екі минуттан кейін СКА ойыншысы айдыннан қуылды. Десе де, "Барыс" өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Үзіліске командалар 1:4 деген есеппен кетті. 

Үшінші периодта Никита Михайлис пен Джереми Бракко бір-бірден шайба салғанымен, СКА командасы да қарап қалмады. Олар да бір шайба салды. Іс мұнымен біткен жоқ – үшінші кезеңнің ортасында қарсыластар төбелесіп, нәтижесінде әр командадан екі ойыншы айып алаңына кетті. Ал одан үш минут өткен соң Әділ Бекетаевтың пасынан Кирилл Савицкий шайбаны СКА қақпасының маңдайшасына тигізіп тұрып гол салды. Бұл кезде есеп – 4:5 болды. Бірақ соңғы сөзді тұрақты маусымның көшбасшысы айтты. Соңғы сиренаға бір жарым минут қалғанда "Барыс" қақпашысыз ойнап көрді. Тәуекелге бел буған "Барысты" Василий Глотов жазалап тастады. Ол бос қақпаға дәл тигізді, 4:6.

Нәтижесінде "Барыс" өз конференциясында соңғы орында қалды. Енді олар келесі ойынын 15 ақпанда өз алаңында Батыс конференция кестесінде сегізінші орында тұрған Минскінің "Динамосына" қарсы өткізеді. "Барыс" ағымдағы маусымды Минскіде өткен матчпен бастап, буллитте Беларусь командасы "Динамодан" ұтылған еді. Бұл жолы қалай болар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу