"Барыс" әйтеуір жеңді-ау

1231

​Бірнеше матч қатарынан жеңілген "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында жеңіске жетті.  

"Барыс" әйтеуір жеңді-ау

Владивасток қаласына қонаққа барған елордалық клуб ірі есеппен жеңді. Алайда, ойындағы алғашқы шайбаны айдын иелері салды. "Адмирал" ойыншысы Валерий Орехов 5 минутта жанкүйерлерді қуантып тастады. Ойынның 14-минутында Әдел Бекетаев берген берекелі пас нәтижесін берді. Алекс Грант шайба салып таразы басы теңесті. Екінші кезеңде Алекс Грант тағы да шайба салып командамызды алға шығарды. Оған пасты Джереми Бракко берді. Осыдан кейін бірнеше секунгдтан соң "Барыс" тағы бір рет шайба салды. Бұл кезде "Адмирал" ойыншыларының саны біреуге кем болатын. Линден Вэй мен Джереми Бракко екеуінің пас алмасуынан соң Алекс Прат тағы да көзге түсті. Екінші кезең аяқталар тұста "Адмирал" ойыншылары тағы да тәртіп бұзып, айдыннан 2 минутқа қуылды. Осы кезде Бракко мен Вэй тамаша ойнап, ғаламат пас шығарды. Оны тағы да Алекс Прат голға айналдырды. Бұл канадалық қорғаушының осы ойындағы 4 голы болатын. Осылайша ол покер авторы атанды.

Үшінші кезеңде "Адмирал" ес жиып, елден ұят болар дегендей шабуылға көбірек шықты. Алайда, ойынның басында салған бір шайбаларын қанағат тұтып, екіншісін сала алмай делі-құлы болып жүрді. Керісінше "Барыс" белсене түсіп ойын соңында Егор Петухов есепті 1:5-ке жеткізді. Бұл жерде пасты Никита Михаилис бергенін де айта отырайық.

48 ұпай жинаған "Барыс" 8 орынды сақтап тұр. Ертең 15-30-да "Барыс" Владивасток қаласындағы екінші ойынын өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу