Шығыс конференциясының көшбасшыларының бірі халықаралық үзілістен кейін тұрақты маусымның кезекті ойынын жақсы бастады. Сейсенбі күні "Ақ Барс" өз алаңында "Тракторды" 5:1 есебімен сенімді түрде жеңді. "Барыс" та өткен кездесуін жеңіспен бастады. Юрий Михайлис шәкірттері "Автомобилист" командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын.
Жалпы биылғы маусымда "Ақ Барс" пен "Барыс" екі кездесу өткізіп, қос команда сырт алаңдағы жеңістермен алмасқан екен. Бұл жолы елордалық команда қарсыластарына есе жіберді. Қос команда арасындағы кездесу тағы да "Қар барыстарын құтқарамыз" ұранымен өтті.
Ойын барысында елордалықтар үш рет алға шыққанымен, негізгі уақытта тең нәтижеге де жете алмады. Алғашында Егор Петуховтың шығарған пасынан кейін Якоб Берглунд гол соқты. Кездесудің 11-минутында Артём Лукоянов есепті теңестіріп кетті. Кезеңнің соңына қарай Коди Куник "Барысты" алға шығарды. Содан кейін командалар алғашқы үзіліске кетті. 29-минутта есеп қайта теңесті. Бұл жолы Қазан командасының сапынан Кирил Панюков көзге түсті.
Сондай-ақ бұл кездесуде Егор Петухов, Дмитрий Юдин, Джордан Уил, Артем Лукояновтар гол соқты. Қорытынды есеп 5:3. Кездесу "Ақ Барстың" пайдасына аяқталды. Есеп 5:3 болғанда қазақстандық команданың бапкерлік штабы қақпашының орнына айдынға алтыншы ойыншыны шығарды. Бірақ бұл нәтиже бермеді. Бұл сәтсіздікке қарамастан, 40 ұпайы бар қазақстандық клуб Шығыс конференциясында сегізінші орнын сақтап қалды. Ал "Ақ Барс" 55 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілді.
Матчтан кейін командалардың бас бапкерлері ойынға қатысты пікір білдірді.
"Жігіттер барын салды. Біз екі кезең бойы өте жақсы ойнадық. Қарсыластың шабуылдарын тойтарып, қарымта шабуыл ұйымдастырып, гол соқтық. Үшінші кезеңде мұқият болмадық. Сонымен қатар орталық шабуылшының жарақатына байланысты ойыншылардың орнын өзгертуге тура келді", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.
"Біз үшін қиын ойын болды. Үшінші кезеңде олқылықтың орнын толтырдық. Данис бүгін жақсы өнер көрсетіп, ойында маңызды рөл атқарды. Үшінші кезеңде жеңіске жеттік. Ойын барысын өзгерткен көшбасшылар болды", – деді "Ақ Барс" ХК бас бапкері Дмитрий Квартальнов.
25 желтоқсанда Челябинсткіде "Барыс" командасы "Трактормен" кездеседі.
Ермұхамед Мәулен