"Барыс" "Ак Барстан" минималды есеппен жеңіліп қалды

1143

"Барыс" өз айдынындағы мерекелік матчтар сериясын "Ак Барспен" өткен кездесумен жалғады.

"Барыс" "Ак Барстан" минималды есеппен жеңіліп қалды Фото: hcbarys.kz

Бүгін Астанада ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде көршілес тұрған екі команда кездесті. Қазандық хоккейшілер "СКА" командасын жеңгеннен кейін, сырт алаңда екі рет қатарынан жеңіліс тапты. Дүйсенбіде "Ак Барс" 2:0 есебімен алда келе жатып, "Сібірге" жол беріп, ұпай еншілей алмады. Бұл матчта Максим Быков пен Кирилл Петров қарсылас қақпасын дәл көздеді. Қақпашы Тимур Билялов 15 соққының он бірін ғана кері қайтарды. Олег Знарок командасының көп соққы жасамағанын және жеңіске жету үшін осы себеп болғанын, бірақ шәкірттерінің ойыны әр матч сайын жақсарып келе жатқанын айтты. 

Ал "Барыс" өткен матчта "Салават Юлаевты" 4:1 есебімен жеңіп, жанкүйерлерді бір қуантты.Кирилл Савицкий дубль авторы атанып, маусымда 10 ұпай жинады. Джереми Бракко (8+13) мен Линден Вей (13+8) де шайба соғып, көзге түсті және олар қазақстандық команда сапындағы ең нәтижелі ойыншылар. Энтони Луис тұрақты маусымдағы өзінің 10-нәтижелі пасын берді. Ал Никита Бояркин 26 соққыға тосқауыл болып, әріптесі Джесси Грэмнің голын ғана жіберіп алды. Андрей Скабелка өз шәкірттеріне командалық жеңіс үшін алғысын білдіріп, ойыншылардың кездесудің маңызды сәттерінде тепе-теңдікті ұстай білгенін ерекше атап өтті. 
Қазан айының басында "Барыс" пен "Ак Барс" Қазанда бір рет кездесті. Ол кезде қазақстандық клуб 3:2 есебімен жеңіске қол жеткізген болатын. Алайда бұл жолы "Ак Барс" есе қайтарды. 

Бүгінгі кездесуде айдын иелерінің бапкерлер штабы құрамға мәжбүрлі бір өзгеріс енгізді. Өткен ойында жарақат алған Энтони Луисты Кирилл Максимов алмастырды. 

"Ак Барс" ойын есебін төртінші минутта ашты. Қазандық клуб артық құрамдағы ойынды сенімді жүзеге асырып, Дмитрий Воронков өз есебіне бір гол жазды. Екінші кезеңнің басында айдын иелері қарсыласын үш рет алаңнан қуылуға мәжбүрлеп, сан басымдығын жүзеге асыру үшін керемет мүмкіндікке ие болды. "Барыс" қарсыласының айып уақыты аяқталар тұста ғана гол соға білді. Бірнеше рикошеттен кейін, Әлихан Әсетовтің ойын таяғына тиген шайба қарсыластың қақпа торынан табылды. 

Қорытынды жиырма минуттықта Вячеслав Войнов соққысымен Бояркиннің қақпасына екінші голды салды. Ақырында, осы шайба шешуші болды. Енді 25 қарашада Андрей Скабелка шәкірттері өз айдынында   "Спартакты" қабылдайды. 

"Барыс" – "Ак Барс" 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – 03:18 – Воронков (Галиев, Шипачёв) 

1:1 – 25:10 – Әсетов 

1:2 – 45:47 – Войнов (Шипачёв)

Қақпашылар: Бояркин – Мифтахов 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу