Оның айтуынша "Барыс" Алматыда және еліміздің басқа қалаларында өз дүкендерін ашады екен.
"Біз Қазақстан атынан өнер көрсететін командамыз. Біздің еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шет елдерде де жанкүйерлеріміз бар. Сонымен қатар "Барыс" сапында Қарағанды, Сәтбаев, Теміртау, Өскемен, Нұр-Сұлтан қалаларында туған жігіттер ойнайды. Оған қоса ұлттық бренд ретінде маркетинг бөлімінің артықшылықтары да бар. Серіктестік бағдарламаларды іске асыру, компаниялар серіктес болған жағдайда бүкіл республиканы қамтиды; Алматыда және басқа қалаларда дүкендер ашуды жоспарлап отырмыз. Клубтың интернет-дүкені де жұмыс істейді. Алматыда өтетін кездесулер коммерция тұрғысынан сәтті шығып жатса, тәжірибемізді басқа қалаларда да іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді Арнұр Алшеров.
Өткен маусымда "Барыс" Алматыда екі кездесу өткізіп, "Алматы-Аренаға" жанкүйерлер лық толы жиналған болатын.
"Алматы еліміздегі ең үлкен қалалардың бірі. Онда үлкен жанкүйерлер базасы бар, - деп атап өтті елорда хоккей клубының маркетинг департаментінің жетекшісі Берікқали Есболов. – Осыған дейін оңтүстік астанада ұймдастырылған екі кездесу тек қана ойын емес. Бұл сондай-ақ Алматыға Құрлықтық Хоккей лигасының не екенін көрсету. Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Клуб жарыстың логотипін, арнайы атрибутика, шоу-бағдарламаларды, бейнероликтерді, қала бойынша жарнама әзірлеп, команданың бойтұмары бар автобустар дайындады. Ал кездесуге бірнеше күн қалғанда команданың тұмары фестивальдарды, спорттық іс-шараларды аралап, тау шаңғысы шипажайына, саябақтар мен басқа да көпшілік жиналатын жерлерге барып, көрерменді ойынды тамашалауға шақырған еді".
Естеріңізге сала кетсек, Алматы Құрлықтық Хоккей Лигасы ұйымдастырылған 46-қала.
Ермұхамед Мәулен