"Барыс" клубы "Амурды" айқын басымдықпен жеңді

274

Қазақстандық хоккей клубы Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 7-орынға көтерілді. 

"Барыс" клубы "Амурды" айқын басымдықпен жеңді Фото: Барыс ХК

"Барыс" өз айдынындағы  ойындар сериясының соңғы матчында "Амурды" қабылдады.

Астаналықтардың тек қақпашылар құрамында бір өзгеріс болды. Кездесуде алғашқы минуттардан Адам Шил қақпадан орын алды.

3-минуттың басында-ақ қонақтар қақпасының торында шайба тулады. Алайда бейнетаспа қайталауынан кейін төрешілер бұл голды есептемеді. Всеволод Логвин шайбаны аяғымен соққан еді. 

Дегенмен үзіліске дейін "Барыс" ережеге сай гол соғып үлгерді. Қорғаушы Джейк Масси жеке шеберлігімен көзге түсті.

Екінші кезең айдын иелерінің айқын басымдығымен өтті. Ұзақ уақыт бойы "Амур" табанды қорғаныспен ойнады. 37-минутта астаналықтар сапынан Томсон гол соқты. Осыдан кейін "Амур" жаттықтырушылары қақпашысын ауыстырып, ойынға Дамир Шаймардановты қосты.

Соңғы кезеңде астаналықтар бірнеше рет айып алаңына түскендіктен ойынның қарқынын аздап жоғалтып алды. Финалдық ысқырыққа небәрі 36 секунд қалғанда Кирилл Петьков Адам Шилды "құрғақ" жеңістен айырды.

Алайда бұл соңғы нәтижеге әсер етпеді. Қазақстандық қақпашы жалпы есеппен қақпаға бағытталған 31 соққыны қайтарды. Қорытынды есеп 3:1, "Барыстың" пайдасына. 

27 қазан күні Михаил Кравецтің шәкірттері Нижнекамскіде "Нефтехимикке" қарсы матч өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу