"Барыс" "Амурды" аямады

1545

"Барыс" қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді.

"Барыс" "Амурды" аямады

"Барыс" өз айдынындағы матчтар сериясының алғашқы кездесуінде "Амурды" сенімді түрде жеңді. Елордалық хоккей клубының бапкерлері өткен матчпен салыстырғанда ойыншылар құрамына бір ғана өзгеріс жасады. Кирилл Панюковтың орнына Аркадий Шестаков келді.

Айдын иелері кездесудің алтыншы минутында есеп ашты. Якоб Лилья қарсыластар аймағында жақсы ойнап, шайбаны Аликиннің қақпасының жоғарғы бұрышына дәл бағыттады. Қонақтар екінші кезеңнің басында есепті теңестіруге бар күштерін салды. Нәтижесінде Михал Йордан гол соқты. Екінші үзіліске аз уақыт қалғанда Мэттью Фраттин Роман Старченкоға сәтті пас шығарып беріп, "Барысты" тағы да алға шығарды.

Үшінші кезеңнің басында Кёртис Волк алаң қожайындарының басымдлығын одан әрі арттырды. Ал кезеңнің ортасында Әлихан Әсетов осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Сәл кейінірек Лилья дубль жасады. Осы кездесудегі соңғы голды қонақтар соқты. Доминик Машин Ортионың осал тұсын тауып, екінші голды соқты. Бірақ бұл көрсеткіш ойын нәтижесіне әсер еткен жоқ.

Келесі кездесуді "Барыс" 28-желтоқсан күні өз айдыныда "Сібірге" қарсы өткізеді.

"Барыс" – "Амур" 5:2 (1:0, 1:1, 3:1)

1:0 – 05:31 – Лилья (Диц, Волк)

1:1 – 24:01 – Йордан (Зогорна Г., Терещенко) ГБ

2:1 – 38:59 – Старченко (Данияр См., Сагадеев)

3:1 – 40:24 – Волк (Диц, Фрэттин) ГМ

4:1 – 52:22 – Әсетов (Хетерингтон, Старченко)

5:1 – 57:04 – Лилья (Волк, Виделль)

5:2 – 58:29 – Машин (Бутузов, Пьянов) ГБ

Кездесу аяқталған соң екі команданың бапкерлері ойынға қатысты өз пікірлерін білдірді.

"Екі кезең бізге қиынға соқты. Қарсыластарымыз бізді үнемі аяғымыздан шалып отырды деуге болады. Белсенді болдық деп айта алмаймын. Бірақ, бізде бүгін жеңіске деген талпыныс болды. Ойынды жеңіске дейін жеткіздік", - деді "Барыс" ХК бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис.

"Бүгін алғашқы екі кезеңде  тең ойнадық. Үшінші кезеңде гол соғуға мүмкіндіктер болды. Үшінші гол жіберіп алғанымыз өкінішті. Шамамыз жетпеді. Соңына қарай екі қателік жасадық. Нәтижесінде бұл қателіктерімізден кейін қарсыластарымыз бізге гол соқты", - деді "Амур" ХК бас жаттықтырушысы Сергей Светлов.

Осылайша, "Барыс" жеңістер сериясын бес матчқа дейін ұзартты. 43 ұпай жинаған елордалық команда Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында қалды. Ал, 31 ұпаймен "Амур" оныншы орынға тұрақтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу