"Барыс" Астанада "Адмиралды" тізе бүктірді

243

Елордалық команда жаңа маусымда ҚХЛ-дағы алғашқы "құрғақ" ойынын өткізді.

"Барыс" Астанада "Адмиралды" тізе бүктірді

"Барыс" тұрақты чемпионаттың алғашқы айын өз айдынында "Адмиралға" қарсы өткен матчпен қорытындылады. Жергілікті команданың жаттықтырушылар штабы шабуылдың үшінші және төртінші құрамына өзгерістер енгізіп, қақпаны Адам Шилге сеніп тапсырды.

Алғашқы голды жанкүйерлер 27-минутта тамашалады. Мэйсон Морелли оң қапталмен әдемі шабуыл жасап, қақпашы Адам Хусканы қақпасына шайба өткізуге мәжбүрледі. Айта кетерлігі, осы нәтижелі шабуылды дәл пасымен бастаған қақпашы Адам Шилдің өзі болды. Бұл оның ҚХЛ-дағы алғашқы нәтижелі ұпайы. Одан кейін Райли Уолш көзге түсіп, Всеволод Логвинге пас шығарып берді. Ол қарсыластың қақпасына екінші шайбаны соқты.

Екінші кезеңде жинаған басымдық астаналықтарға соңғы жиырма минутта есепті сақтап ойнауға мүмкіндік берді. Ал матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Аңсар Шайхмедденов үшінші шайбаны соғып, қорытынды есепті орнатты. Қақпашы Адам Шил қарсыластың қақпаға бағыттаған 26 соққысының барлығын қайтарып, ҚХЛ-дағы алғашқы "құрғақ" ойынын өткізді.

1 қазан күні Михаил Кравецтің шәкірттері өз айдынында "Локомотивті" қабылдайды.

"Барыс" – "Адмирал" 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)
1:0 – 26:27 – Морелли (Веккьоне, Шил)
2:0 – 37:14 – Логвин (Уолш)
3:0 – 57:04 – Шайхмедденов (Логвин)
Қақпашылар: Шил – Хуска

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу