Негізгі құрамға Кирилл Савицкий мен Эмиль Галимов қайта оралып, шабуыл шебінде Максим Мұхаметов пен Руслан Оспановты алмастырды. Қақпаны алғашқы минуттардан Андрей Шутов қорғады.
Қонақтар алғашқы кезеңде өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, алтыншы минуттың соңына қарай Роман Калиниченко мен Скотт Уилсонның дәл соққыларының арқасында алға шықты. "Барысты" ойынға қайта оралтқан Семён Симонов болды. Ол оң жақ аймақтан екінші мүмкіндігінде қақпаны дәл көздеді.
Екінші кезеңнің басында Дмитрий Бреус қарсыластардың қателігін пайдаланып, "Барыс" сапындағы алғашқы шайбасын соқты. Бірақ "Сібірдің" жауабы екі есе болды. Никита Сошников пен Владислав Кара есепті 4:2-ге жеткізіп, айдын иелерінің жаттықтырушылары қақпаға Адам Шилді шығарды. Бұл шешім астаналықтарды жігерлендірді. Джейк Масси қақпашы Луи Доминганы көк сызықтан дәл соққымен қапы қалдырды. Артынша Симонов өткір бұрыштан дәл көздеп дубль авторы атанды.
Үшінші кезеңнің ортасында Иэн Маккошен нәтижелі соққы жасап, "Барыс" сапындағы алғашқы шайбасын салды. Кейін төрешілер екі команданың да бір-бір голын есептемей тастады. Ал матчтың нүктесін Мэйсон Морелли қойды. Қорытынды есеп 6:4. Астаналықтар төрт матчтық сәтсіз серияны үзіп, жеңіске жетті. 29 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері өз алаңында "Адмиралды" қабылдайды.
"Барыс" – "Сібір" 6:4 (1:2, 3:2, 2:0)
0:1 – 05:04 – Калиниченко (Неколенко, Гордеев)
0:2 – 05:38 – Уилсон
1:2 – 08:12 – Симонов (Савицкий, Масси)
2:2 – 22:40 – Бреус
2:3 – 23:37 – Сошников (Ткачёв)
2:4 – 27:28 – Кара (Першаков, Приски)
3:4 – 30:56 – Масси (Волков, Логвин)
4:4 – 37:46 – Симонов (Уолш, Бекетаев)
5:4 – 48:10 – Маккошен
6:4 – 59:44 – Морелли (Масси, Галимов) ГБ ПВ
Қақпашылар: Шутов (Шил, 27:28–60:00) – Доминг.