"Барыс" қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

1064

14 ұпай жинаған елордалық ұжым Шығыс конференциясында алтыншы орынға көтерілсе, ал СКА 21 ұпаймен Батыс конференциясында үшінші орында қалды.

"Барыс" қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

"Барыс" өз алаңындағы матчтар сериясын Санкт-Петербургтің СКА командасымен өткен кездесумен жалғастырды. Сейсенбі күні соңғы кездесуде Валерий Брагиннің командасы "Локомотивті" жеңді. Командаға кезекті екі ұпайға ие болды. 14 матчта петерборлықтар 21 ұпай жинады. Бұл Батыс Конференциясының үздік үштігінде болуға мүмкіндік береді. Ал "Барыс" сәрсенбіде "Авангардты" 1:0 есебімен жеңді. Жеңісті голдың авторы елордалық команданың 10-нөмірлі ойыншысы Никита Михайлис.

Өткен маусымда "Барыс" пен СКА екі рет кездесті. Қазақстан астанасында буллиттер сериясында алаң иелері жеңіске жетті (3:2). Ал Санкт-Петербургте СКА (4:3) мықтырақ болды.

СКА-ға қарсы матч алдында Кирилл Савицкий, Егор Петухов пен Максим Мусоров "Барыстың" негізгі құрамына қайта оралды. Олар Кристиан Томас, Аңсар Шайхмедденов пен Роман Савченколарды алмастырды.

Алғашқы кезең айдын қожайындарының пайдасына аяқталып, ойыншылар саны жағынан басымдықты екі рет сәтті пайдаланды. Мэттью Фрэттин мен Никита Михайлис бір-бір голдан соқты. Екінші және үшінші кезеңдерде қонақтар басымдық танытты. СКА-да гол соғуға  көптеген мүмкіндіктер болды. Бірақ "Барыстың"  қорғанысы мінсіз болды.

Қарсыластарының бос қақпасына дәл соққы бағыттаған Олле Алсин кездесудің нүктесін қойды. Ал Йони Ортио 24 соққыны қайтарып, командаға қатарынан екі ойында жеңіске жетуге көмектесті.

"Барыс" – СКА 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 12:43 – Фрэттин (Диц, Куник) 

2:0 – 14:18 – Михайлис (Старченко)

3:0 – 58:55 – Альсинг 

Қақпашылар: Ортио – Аскаров

10 қазанда елордалық команда "Барыс-Аренада" "Ақ Барспен" кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу