Кездесу басталысымен "Барыс" бірінші болып есеп ашты. Роман Старченко сол жақ бортпен қарсыластар аймағына өтіп, қақпағаға соққыны дәл бағыттады. Кезеңнің ортасында Якоб Лилья қонақтардың басымдылығын нығайтты. Екінші айналымның басында Кирилл Панюков Блейкердің пасынан кейін маусымдағы алғашқы голын соқты. Үзіліске аз уақыт қалғанда Анатолий Голышев есеп айырмашылығын қысқартты. Кездесу соңында Питер Холланд есеп айырмасын минимумға дейін азайтты. Бірақ, "Барысты" жеңе алмады. Нәтижесінде кездесу 2:3 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды.
"Автомобилист" – "Барыс" 2:3 (0:2, 1:1, 1:0)
0:1 – 03:58 – Старченко
0:2 – 10:42 – Лилья (Виделль) ГБ
0:3 – 23:05 – Панюков (Хетерингтон, Блэкер)
1:3 – 37:16 – Голышев (Дацюк, Макеев)
2:3 – 57:28 – Холланд (Мэйсек, Протапович) ГБ
Қақпашылар: Коварж – Карлссон
Кездесу аяқталған соң екі команданың бас бапкерлері ойынға қатысты өз ойларымен бөлісті.
"Маған бірінші кезең ұнады. Жігіттер жақсы ойнады. Олар қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік бермеді. Біз екінші кезеңде де жақсы ойнадық. Үшінші голды соғып, қарсыластарға төтеп бердік. Нәтижесінде үзіліске сегіз минуттай қалғанда біздің қақпаға гол соғылды. Әдеттегідей, кездесудің соңы шиеленісті өтті. Жігіттерге, Карлссонға бүгін бізге көмектескендеріне рахмет!", - деді "Барыс" ХК бас барпкері Юрий Михайлис.
"Өкінішке орай, нәтиже осындай. Біздің бұдан да жақсы ойнауға мүмкіндігіміз болды. Матчтың нәтижесі басқаша болуы керек еді. Бұл біздің өз кінәміз. Ойынның екі минутын 5-те 3 форматында ойнадық. Офсайдқа байланысты есептелмеген голға қатысты жағдай, біз гол жіберіп, есеп бірден 1-2 емес, 0-3 болып, матчта жеңіске жету мүмкіндігінен айырылдық", - деді "Автомобилист" ХК бас бапкері Билл Питерс.
Енді "Барыс" Нұр-Сұлтанға оралады. 12-қаңтарда Юрий Михайлистің командасы "Ақ Барспен" өз айдынында ойнайды.
Ермұхамед Мәулен