"Барыс" "Автомобилисті" жеңіп, турнирлік кестеде екі саты жоғары көтерілді

2455

Бүгінгі жеңістен кейін "Барыс" 66 ұпаймен Шығыс конференциясында 6-орынға көтерілді.

"Барыс" "Автомобилисті" жеңіп, турнирлік кестеде екі саты жоғары көтерілді

"Барыс" өз айдынындағы матчтар сериясының екінші ойынын "Автомобилистпен" өткізді. Екатеринбургтен келген команда овертаймда "Амурдан" сырт алаңдағы жеңілістен кейін Қазақстанға келді – 1:2. Хабаровск қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Георгий Белоусов. Қақпашы Якуб Коварж 38 соққының барлығын кері қайтарды.

"Барыс" өткен турда "Авангардты" овертаймда жеңді - 3:2. Никита Михайлистің дубльі, Әлихан Әсетовтің дәл соққысы, сондай-ақ Хенрик Карлссон орындауындағы 44 сейв командаға жеңіс әкелді.

Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Автомобилист" үш кездесу өткізіп, олардың барлығы 3:2 есебімен аяқталды. Оның ішінде Ресейлік ұжым екі рет жеңіске жетті.

Ал бүгінгі кездесуде елордалық клуб қонақтарды 2:1 есебімен ұтты. "Барыс" хоккейшісі Роман Старченко ойынның алтыншы минутында есеп ашты. Бұған қонақтар үшінші кезеңнің басында жауап берді. Гол авторы Александр Шемеров. Үш минуттан кейін Даррен Диц шайбаны Якуб Ковардың қақпасына дәл бағыттап, командасын тағы да алға шығарды. Нәтижесінде бұл шешуші гол болды. Осылайша кездесу 2:1 есебімен, "Барыстың" пайдасына аяқталды.

21-ақпанда Юрий Михайлис шәкірттері өз айдынында "Сібірді" қабылдайды.

 "Барыс" – "Автомобилист" 2:1 (1:0, 0:0, 1:1)

1:0 – 05:58 – Старченко (Вароне, Асетов) ГБ

1:1 – 42:31 – Щемеров (Жукенов) ГБ

2:1 – 45:49 – Диц (Сагадеев)

Қақпашылар: Карлссон – Коварж

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу