"Барыс" "Автомобилистке" есе жіберді

1941

Өз айдынындағы матчтар сериясының соңғы кездесуінде "Барыс" "Автомобилистке" 2:3 есебімен жеңілді.

"Барыс" "Автомобилистке" есе жіберді

Екатеринбургтік ұжым Қазақстан астанасына қатарынан төрт командадан жеңілгеннен кейін келді. Соңғы турда Билл Питерс шәкірттері "Ак Барсқа" 1: 3 есе жіберді. Жалғыз шайбаның авторы Степан Хрипунов. Қақпашы Якуб Коварж нысанаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

Ал "Барыс" соңғы кездесуде овертаймда "Салауат Юлаевқа" 2:3 есебімен жол берді. Кирил Панюков пен Никита Михайлистің соққан голдарының арқасында елордалық клуб 1 ұпай иеленіп, нәтижесінде Шығыс Конференциясының турнирлік кестесінде 6-орынға көтерілді.

Биылғы маусымда "Барыс" пен "Автомобилист" Екатеринбург қаласында екі кездесу өткізді. Екі матч та 3:2 есебімен аяқталып, әр команда негізгі уақытта бір жеңіске жетті.

Бұл жолы "Автомобилист" ойынды сәтті бастады. Кездесу басталысымен екі тиімді шабуыл ұйымдастырып, Никита Трямкин мен Георгий Белоусов көзге түсті. Сәл кейінірек Якоб Лилья қарсы шабуылға шығып, маусымдағы 20 шайбасын соқты. Екінші кезеңнің басында Филип Вароне Даррен Дитцтің шығарған пасын сәтті падаланып, таблодағы көрсеткіш теңесті.

Негізгі уақыттың соңғы минутында ойын тағдыры шешілді. Дмитрий Жукенов "Барыс" қақпасынан саңылау тауып, кездесуге нүкте қойды.  

"Барыс" – "Автомобилист" 2:3 (1:2, 1:0, 0:1)

0:1 – 06:50 – Трямкин (Василевский, Дацюк)

0:2 – 13:39 – Белоусов (Василевский)

1:2 – 15:21 – Лилья

2:2 – 20:36 – Вароне (Диц, Маклюков)

2:3 – 57:17 – Жукенов (Бочаров, Холланд)

ҚақпашыларКарлссон – Коварж

"Барыс" келесі кездесуді 3-ақпан күні сырт алаңда "Металлургке" қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу