"Барыс" басты қарсыласын жеңді

1686

"Торпедоға" қарсы ойында "Барыс" овертаймда жеңіске жетті.

"Барыс" басты қарсыласын жеңді

"Торпедо" соңғы кездесуде Риганың "Динамо" командасын 6:4 есебімен жеңгеннен кейін үзіліске кетті. Дэвид Немировский шәкірттері 37 матчтан кейін 40 ұпай жинады. Бұл нәтиже Шығыс конференциясында жетінші орын алуға мүмкіндік берді.

Ал "Барыс" жұма күні Мытищиде 2:1 есебімен овертаймда Қытайдың "Куньлунь" командасын ойсырата жеңді. Бұл кездесуде бірден бірнеше есте қаларлық оқиға болды. ҚХЛ-да жаңадан келген Алекс Линтуниеми дебют жасады. Қорғаушы Самат Данияр ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқса, жарақат алғаннан кейін қатарға қайта қосылған капитан Даррен Диц лигадағы 50-шайбасын соқты.

Елордалық клуб "Торпедомен" соңғы рет он күн бұрын кездескен. Ол уақытта 3:2 есебімен ресейлік команда жеңіске жеткен болатын. Алайда бұл жолы "Барыстың" овертаймда жолы болып, кездесуді жеңіспен аяқтады.

"Барыс" бірінші кезеңнің соңында екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Фрэттин мен Диц тамаша ойын өрнегімен көзге түсті. Алайда, бірінші үзіліске дейін 11 секунд қалғанда Шенфельд бір шайба соқты. Ұзақ уақыт бойы таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз тұрды. Тек соңғы минуттарда алаң иелері жеңілістен аман қалды. Овертайм ұзаққа созылмады. Нәтижесінде Якоб Лилья "Барысқа" жеңіс сыйлады.

 "Торпедо" – "Барыс" 2:3 ОТ (1:2, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 – 15:51 – Фрэттин

0:2 – 18:59 – Диц (Фрэттин, Лилья)

1:2 – 19:49 – Шенфельд

2:2 – 58:48 – Варнаков (Жафяров, Миле) ГБ

2:3 – 60:23 – Лилья

"Барыс" пен "Торпедо" ҚХЛ-ның Шығыс конференциясында қатар тұр. Осы кездесуден кейін турнир кестесі өзгерген жоқ: 41 ұпаймен "Торпедо" жетінші орында, ал "Барыс" 39 ұпаймен сегізінші орында қалды. Сонымен бірге, қазақстандық клубтың резервінде әлі төрт ойын бар және келесі кездесуін 23-желтоқсанда "Авангардқа" қарсы өткізеді.

 Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу