"Барыс" бірқатар легионерлермен толықты

239

Елордалық хоккей клубы биылғы маусымда да легионерлерге иек артады. 

"Барыс" бірқатар легионерлермен толықты

Бүгін "Барыс" хоккей клубы канадалық қорғаушы Джейк Массимен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.

Хоккейші ең сәтті маусымын "Вашингтон Кэпиталз" клубының жүйесінде өткізді. "Херши Беарс" сапында ол екі мәрте Колдер Кубогын жеңіп алды. Өткен маусымда Джейк АХЛ-дегі 23 матчта 2 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді. 

Сондай-ақ "Барыс" хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родриг, америкалық қорғаушы Иэн Маккошен, ресейлік Эмиль Галимовты қатарға қосты. Хоккейшілермен келісімшарт бір жылға жасалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу