"Барыс" биылғы жылдың соңғы ойынын сәтсіз аяқтады

1392

Жылдың финалдық кездесуінде "Барыс" "Салауат Юлаевтан" ұтылды.

"Барыс" биылғы жылдың соңғы ойынын сәтсіз аяқтады

Айдын иелерінің бапкерлер штабы өткен ойында жеңіске жеткен хоккейшілер құрамын өзгерткен жоқ. Бірінші кезең айдыннан қуылған ойыншылардың көптігімен сипатталды. Екі команда он минуттық пенальтиден алды. Дегенмен есеп тең құрамда ашылды. Сергей Шмелев сәтті қимылдарымен уфалықтарды алға шығарды.

Екінші кезеңнің басында Линден Вей "Барыстың" ойыншылар саны бойынша басымдылығын тамаша пайдаланды. Линден шайба салған тұста "Салауаттың" құрамындағы екі хоккейші айдыннан қуылып кеткен болатын. Алайда үзіліске қонақтар жеңімпаз болып аттанды. Сергей Шмелев орталық аймақтан жойқын соққы бағыттап, дубль авторы атанды. Ал үшінші периодта қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол сала алмады.

Енді "Барыс" 3 қаңтар күні кезекті ойынын өткізеді. Жаңа 2022 жылдың алғашқы ойынында олар Рига қаласмының "Динамо" ұжымымен кездеседі.

"Барыс" - "Салауат Юлаев" 1:2 (0:1, 1:1, 0:0)

0:1 – 12:51: Шмелёв (Кулёмин)

1:1 – 23:08: Вей (Морроу, Юрчо) ГБ

1:2 – 27:03: Шмелёв (Кадейкин)

Қақпашылар: Ортио – Шарыченков

Томи Лямся, "Салауат Юлаев" ХК бас бапкері:

- Бүгін тамаша кездесу өтті. Мен командамның алғашқы 40 минутта көрсеткен өнеріне ризамын. Екі шайба салған соң қорғанысқа отырып қалдық. Үшінші кезеңде "Барыс" әбден шабуылдады. Мен қақпашымыз Александр Шарыченковқа алғысымды айтқым келеді. Ол болмағанда біз жеңіліп қалатынба едік, кім білсін? Ең бастысы бұл жеңіс бізге Жаңа жыл алдында көңілімізді көтеретіні анық.

Юрий Михайлис, "Барыс" ХК бас бапкері:

- Бүгінгі матчты көруге келген көрермендерге рахмет айтқым келеді. Олар бізді жақсы қолдады. Бізде бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ ешқайсысын да голға айналдыра алмадық. Осы шайба салу мәселесін қолға алмасақ, жеңіс туралы ойлау қиын болады. Жанкүйерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу