"Барыс" пен "Автомобилист" арасындағы жекпе-жекте командаларға жеңімпазды анықтау үшін негізгі кездесу уақыты аздық етті. Айдын иелері төртінші минутта есеп ашты. Кертис Волк Михайлиске керемет пас шығарды. Нәтижесінде, Никита қақпашымен бетпе-бет шығып есеп ашты. Араға үш минут салып Стефан Да Коста ерекшеленді. Кезеңнің соңына қарай қазақстандық команда сапынан Кертис Волк екінші тағы да көзге түсті. Бұл жолы ол командасын алға шығарды. Есеп 2:1 болғанда командалар үзіліске кетті.
Ойынның екінші кезеңінде қарсыластарын үш рет ойыннан кетуге мәжбүрлеген Юрий Михайлистің шәкірттері өте белсенді өнер көрсетті. Алайда осы 20 минутта ойыншылар саны жағынан басымдықтьарын сақтай алмады. Керісінше, қонақтар Анатолий Голышевтың қақпаға дәл лақтырған шайбасының арқасында таблодағы көрсеткішті теңестірді.
Соңғы үшінші кезең және овертайм голсыз өтті. Буллитте айдын иелері дәлірек болды. Жеңісті голдың авторы Линден Вей. Қорытынды есеп 3:2. 29 желтоқсанда "Барыс" биылғы жылды өз айдынында "Салават Юлаевпен" өтетін ойынмен аяқтайды. Ал 3 қаңтарда Риганың "Динамосына" және 5 қаңтарда Магнитогорскінің "Металлургіне" қарсы кездесу өткізеді.
"Барыс" 43 кездесуде 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. "Автомобилист" те сонша ойынмен қазақстандық командадан екі ұпай кем жинап, турнирлік кестеде тоғызыншы орынға жайғасты.
"Барыс" - "Автомобилист" 3:2 Б (2:1, 0:1, 0:0, 0:0, 1:0)
1:0 – 03:33: Михайлис (Волк, Шалапов)
1:1 – 07:22: Да Коста (Мэйсек, Спунер)
2:1 – 15:47: Волк (Лилья, Михайлис)
2:2 – 38:48: Голышев (Гареев)
3:2 – 65:00: Вей Б
Қақпашылар: Ортио – Шикин (Галкин, 65:00-65:00)
Ермұхамед Мәулен