"Барыс" "Динамо Ригаға" жеңіліп қалды

1170

Елордалық хоккей клубы ригалықтардан 2:3 есебімен ұтылды.

"Барыс" "Динамо Ригаға" жеңіліп қалды

Сейсенбі күні ригалықтар Нижний Новгородтан келген "Торпедоны" жеңді. Осы жеңіске қарамастан, латвиялық команда әлі де "Батыстың" турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.

Ал "Барыс" өткен турда Мәскеуде ЦСКА-ға қарсы тамаша ойнады. Михайлистің шәкірттерінің ұйымдастырған нәтижелі шабуылдары қазақстандықтарға жеңіс сыйлады. Даррен Диц дубль жасаса, сондай-ақ Кёртис Волк, Якоб БерглундӘлихан Әсетов пен Якоб Лильялар көзге түсті. Чемпионаттың басында 5 кездесуде 2 жеңіске жеткен Нұр-Сұлтан қаласының командасы өзінің турнирлік жағдайын біршама жақсартқан еді.

Өткен маусымда "Динамо" мен "Барыс" екі рет ойнады. Екі кездесуде де елордалық хоккей клубы 3:2, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ осы жолғы ойында "Динамо" есе қайтарды.

Бейсенбі күні сырт алаңдағы екінші кездесуінде "Барыс" Риганың "Динамосынан" 2: 3 есебімен ұтылды. Қазақстандық команданың бапкерлік штабы ойыншылар құрамына елеулі өзгерістер енгізді. Алғаш рет Алексей Зубов ҚХЛ-да "Барыс" жейдесінде ойнады. Бірінші минуттардан бастап Йони Ортио қақпадан орын алды.

"Рига Аренада" өткен кездесудің 1-кезеңінде айдын иелері ойынды өз бақылауларында ұстады. Олар кезеңнің ортасында екі рет "Барыс" қақпасын дәл көздеді. Коррадо мен Веннстрёмның соққан голдарының арасы бір минутқа да жетпеді. Үшінші кезеңнің басында Пуарье ойыншылар саны жағынан басымдықты сәтті пайдаланды. "Барыс" сапынан Морроу мен Михайлис ұпай айырмашылығын барынша азайтуға тырысты. Бірақ есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде елордалық клуб жеңіліс тапты.

18 қыркүйекте Михайлис шәкірттері қонақта "Йокеритпен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу