Бұл кездесуде астаналықтар сапында бір ғана өзгеріс болды: Руслан Оспановтың орнына КХЛ-дағы дебютін Вячеслав Колесников жасады.
Жаңа маусымда алғаш рет "Барыс Арена" толық жанкүйерге толды. Ойынды 11 626 көрермен тамашалады.
Қонақтар есепті 6-минутта ашты, Алекс Лимож көк сызықтан бағытталған шайбаны қақпаға дәл жеткізді. Екінші кезеңнің ортасында Мэйсон Морелли қақпашымен жеке шыққан сәтте шайба соқпай, пасын Майкл Веккьонеге шығарды.
Нәтижесінде, "Барыстың" шабуылшысы жаңа командадағы алғашқы ресми голын соқты. Дегенмен бір минуттан соң Лимож дубль авторы атанды. Ал кезеңнің соңына қарай Сэм Энэс есепті 3:1-ге жеткізді.
Үшінші кезеңде есеп өзгермей, матч осылай аяқталды.
Қорытынды есеп:
"Барыс" – "Динамо" (Минск) – 1:3 (0:1, 1:2, 0:0)
Гол соққандар:
0:1 – Лимож (05:11)
1:1 – Веккьоне (33:32)
1:2 – Лимож (34:30)
1:3 – Энэс (39:50)
Қақпашылар: Шутов ("Барыс") – Фукале ("Динамо").
Келесі ойында Михаил Кравецтің шәкірттері 15 қыркүйекте өз айдынында Мәскеудің "Динамосымен" кездеседі.