Юрий Михайлис бұл жолы айдынға келесі ойыншыларды шығарды: Ортио (Бояркин) – Морроу-Мартинссон, Савицкий-Вей-Әсетов; Альсинг-Орехов, Михайлис-Волк-Лилья; Савченко-Шалапов, Берглунд-Куник-Петухов; Бекетаев-Данияр, Шайхмедденов-Сагадеев-Шестаков.
Кездесу Мәскеуде өтіп, 6:3 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды. Екінші кезең астаналықтар үшін сәтсіз болды. Есеп 1:2 болғанда "Барыс" тағы үш гол жіберіп алды.
Жеңімпаз командадан Дмитрий Рашевский (10-минут), Эрик О'Делл (11-ші, 48-минут), Петр Яковлев (25-минут), Вадим Шипачев (29-минут) және Оскар Линдберг (33-минут) көзге түсті. Ал елордалық команда сапынан Егор Петухов (15-минут), Никита Михайлис (42-минут) және Аркадий Шестаковтар (56-минут) гол соқты.
Бұған дейін астаналықтар "Динамоны" булитте жеңген болатын – 4:3. Сондай-ақ Мәскеуде олар "Спартактан" басым түсті.
1 наурыздан бастап ҚХЛ плей-офф ойындары басталады. Онда қазақстандық клуб "Металлургпен" ойнайды. "Барыс" тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Шығыста сегізінші орынға табан тіреді. Елордалық ұжым 47 матч өткізіп, жинауға мүмкін болатын балдардың 51,06%-ын жинады. Юрий Михайлис шәкірттерінің қарсыласы магнитогорскілік "Металлург" (73,96%) болады. Ол жинаған балдарының пайызы бойынша конференцияда ғана емес, бүкіл лигада бірінші орын алды. Бір айта кетерлігі "Барыс" пен "Металлург" конференцияның ¼ финалына үшінші жыл қатарынан ойнайтын болады. Ағымдағы маусымда қарсыластар төрт рет кездесіп, екі реттен жеңіске жетті.
Ойындардың кестесі:
1 және 3 наурыз "Металлург" - "Барыс" Магнитогорск қаласында;
5 және 7 наурыз "Барыс" - "Металлург" Нұр-Сұлтанда;
9 наурыз (қажет болған жағдайда) "Металлург" - "Барыс" Магнитогорск қаласында;
11 наурыз (қажет болған жағдайда) "Барыс" - "Металлург" Нұр-Сұлтанда;
13 наурыз (қажет болған жағдайда) "Металлург" - "Барыс" Магнитогорск қаласында;
Ал финляндиялық "Йокерит" Құрлықтық хоккей лигасына (ҚХЛ) қатысудан бас тартты. РИА Новостидің хабарлауынша, Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты хоккей клубының демеушісі Barona Oy компаниясы демеушіліктен бас тартқан.
Ермұхамед Мәулен