"Барыс" "Динамоны" айқын басымдылықпен жеңді

1455

Қысқа үзілістен кейін "Барыс" айдынға қайта оралды. Халықаралық үзіліс командаға бұрын Риганың "Динамосымен" ауыстырылған матчты өткізуге мүмкіндік берді.

"Барыс" "Динамоны" айқын басымдылықпен жеңді

Ригалық "Динамо" Қазақстанға Екатеринбургтен келді. Жексенбіде Латвия құрамасы жергілікті "Автомобилистке" 2:7 есебімен есе жіберіп алған болатын. Екінші кезең барысында қонақтар жауапсыз төрт гол жіберіп алды. "Динамолықтардан" Кристапс Зиле мен Патрик Забусов гол соқты. Айта кету керек, ойынға негізгі құрам хоккейшілері ғана емес, жаттықтырушылар штабының мүшелері де келмеді. Бас бапкердің міндетін Дмитрий Пархоменко орындайды. Батыс конференциясының кестесінде Динамо соңғы орында тұр. 16 ойында 2 рет қана жеңіске жеткен. Команда капитаны Лаурис Дарзиньшті, Микс Индрашис пен Мэттью Майононы қоса есептегенде команданың 15 негізгі ойыншысы жоқ болғанына қарамастан матчқа қатысуға мәжбүр болды. Бұл командалардың маусымдағы екінші ойыны – 3 қыркүйекте "Барыс" Ригада "Динамоны" 3: 2 есебімен жеңген болатын.

Алғашқы айналымның соңына қарай "Барыс" есеп ашты. Линус Виделль командаластарының тамаша комбинациясын қақпаға дәл бағытталған соққымен аяқтады. Швециялық шабуылшы  бұл ойында ерекше көзге түсті. Ол Құрлықтық Хоккей Лигасындағы жүзінші голын соқты.

Екінші кезеңде Волк тамаша соққыларымен ерекшеленді. Нәтижесінде ригалықтардың қақпасына екінші гол соғып, есепті еселей түсті. Бірнеше минуттан кейін Мэтт Фраттин қарсыластардың қорғанысын бұзып, үшінші гол авторы атанды. Соңғы кезеңде ешқандай гол болмады. Нәтижесінде кездесу 3: 0 есебімен аяқталды.

Тұрақты чемпионаттың келесі кездесуін "Барыс" 8-қарашада Череповецте жергілікті "Северсталь" командасына қарсы өткізеді.

Барыс - Динамо Рига 3: 0 (1: 0, 2: 0, 0: 0)

1: 0 Виделль (Шевченко, Старченко) 18:26 ГБ

2: 0 Волк (Шведберг) 21:15 ГБ

3: 0 Фраттин 24:39

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу