"Барыс" Екатеринбургте жеңіске жетті

127

36 матчтан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері 32 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 9-орында келеді.

"Барыс" Екатеринбургте жеңіске жетті Фото: sports.kz

16 желтоқсан Бірінші арна кубогынан кейін "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында Екатеринбургте "Автомобилистпен" кездесті. Астаналықтар 13 шабуылшы және 6 қорғаушымен ойнады. Құрамға Кирилл Панюков қайта оралды.

Алғашқы кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Самат Даниярдың пасынан Семён Симонов есеп ашып, кейін Майкл Веккьоне басымдықты арттырды. Үшінші кезеңде Максим Осипов 1 шайбамен жауап қатты.

Осыдан кейін Симонов дубль авторы атанса, Макс Уиллман бос қақпаға шайба салды. Қорытынды есеп 4:1, елордалықтардың пайдасына. Қақпашы Андрей Шутов 33 сейв жасады.

"Автомобилист" (Екатеринбург, Ресей) – "Барыс" (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)

Голдар:
0:1 – 25:58 Симонов (Данияр)
0:2 – 37:26 Веккьоне (Морелли, Панюков)
1:2 – 50:21 Осипов (Буше, Каштанов)
1:3 – 51:31 Симонов (Данияр, Томпсон)
1:4 – 57:45 Уиллман (Морелли)

Қақпашылар: Галкин – Шутов

18 желтоқсанда "Барыс" Мәскеуде "Динамомен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу