"Барыс" финляндиялық командадан ұтылды

1399

Ойын тағдыры овертаймда шешілді.

"Барыс" финляндиялық командадан ұтылды

Төрт күндік үзілістен кейін "Барыс" Құрлықтық Хоккей Лигасының тұрақты чемпионатының матчтарына оралды. Сәрсенбіде финляндиялық "Йокерит" елордаға келді. Қазандағы жеңісті ойынмен салыстырғанда ешқандай өзгеріс "Барыс" сапында болған жоқ. Бірінші кезеңде екі команда да тең дәрежеде ойын көрсетті және есеп ашылған жоқ.

Екінші айналымның басында Әлихан Әсетов пен Егор Петуховтың ұйымдасқан шабуылың арқасында алғашқы гол соғылды. Ал кезең соңында Аркадий Шестаков есепті еселей түсті. Үшінші таймның басындағы Якоб Лиля мен Линус Виделльдің голдары есеп айырмашылығын одан әрі ұлғайтты. Сонымен "Барыс" қарсыластар қақпасына қатарынан 4 шайба соқты.

Осыдан кейін "Барыстың" ойыны бәсеңдей бастады. Мұндай мүмкіндікті сәтті пайдаланған "Йокерит" 7 минут ішінде үш рет гол соқты. Финляндиялық команданың хоккейшісі Регин дубль жасаса, Кивисто бір гол соқты. Кезеңнің аяқталуына бір минут қалғанда өткен маусымның үздік қорғаушысы Микко Лехтонен есепті теңестірді – 4:4. Осылайша, қазақстандық команданың матчы төртінші рет негізгі уақыттан тыс өтті. Қосымша уақытта Скленичканың соққан шайбасы Финляндия құрамасына жеңіс сыйлады.

"Барыс" өзінің сериядағы ойындарын одан әрі жалғастырады және осы жұмада Қазанның "Ақ Барсымен" кездесу өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу