"Барыс" финляндиялық командаға есе жіберді

1149

Сырт алаңдағы матчтар сериясының финалдық кездесуінде "Барыс" командасы "Йокеритке" 3:2 есебімен ұтылды.

"Барыс" финляндиялық командаға есе жіберді

Финляндия астанасының командасы қазіргі таңда Батыс конференциясының үздік төрт командасының бірі (7 кездесуден кейін 10 ұпай). Бейсенбіде "Йокерит" өз айдынында буллитер сериясында "Торпедодан" 5:4 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Ал "Барыс" соңғы турда Ригада "Динамо" командасынан 2:3 есебімен ұтылды. Өткен маусымда Финляндия мен Қазақстан командалары екі рет кездескен еді. Ол уақытта Нұр-Сұлтанда "Йокерит" 5:4 есебімен овертаймда жеңіске жетсе, Хельсинкиде "Барыс" мықты болды - 4:1.

Бұл жолы "Динамомен" ойында жарақат алған шабуылшы Кирилл Савицкий мен қорғаушы Самат Данияр Хельсинкидегі кездесуді өткізіп алды. Олардың орнына Дмитрий Гурков пен Егор Петухов айдынға шықты. Кездесуде "Барыс" бірінші болып есеп ашты. Никита Михайлис Джо Морроудың соққысын сәтті пайдаланып, шайба қақпадан табылды. Айдын қожайындары екінші жиырма минуттың басында ойыншылар саны жағынан басымдыққа ие болып, Никлас Йенсеннің соққан голы есепті теңестіруге көмектесті. Біраз уақыттан кейін мұз айдынының дәл ортасынан қақпаға соққы бағыттап, Никлас дубль жасады. Бірақ, үзіліске командалар тең есеппен кетті. Қонақтардан Мэтью Фрэттин есепті теңестіріп үлгерді.

Соңғы үшінші кезеңде және қосымша уақытта көрермендер соғылған голдарды көре алмады. Ал булитте "Йокерит" ойыншылары дәлірек болып шықты. Нәтижесінде кездесу 2:3 есебімен финляндиялықтардың пайдасына аяқталды.

Енді "Барыс" Нұр-Сұлтанға оралып, үйдегі ойындар сериясын бастайды. 21 қыркүйекте Михайлис шәкірттері ЦСКА-ға қарсы кездесу өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу