"Барыс" Хабаровскіде жеңіліс тапты

99

Астаналық хоккей клубы қатарынан алтыншы матч ұтылды.

"Барыс" Хабаровскіде жеңіліс тапты

"Амур" мен "Барыс" Хабаровск қаласында кездесті. Қонақтардың бапкерлер штабы құрамдағы көптеген ойыншылардың орындарын өзгертіп, айдынға Эмиль Галимов пен Кирилл Панюковты қосты. Ал Майкл Веккьоне мен Максим Мухаметов бұл жолы өтінімге енген жоқ.

Астаналық клуб кездесуді тағы да белсенді өткізді және алғашқы болып есепті ашты. Джейк Масси мен Всеволод Логвиннің нәтижелі әрекеттерінен кейін Логвин шайбаны қарсылас қақпасына дәл бағыттады. Алайда "Амур" бұған көп ұзамай Александр Гальченюк пен Иван Мищенконың голдарымен жауап қатты. Екінші кезеңнің соңына таман Кирилл Слепец хабаровскілік команданың басымдығын арттырды.

Қорытынды кезеңде Әлихан Әсетов Райли Уолштың соққысынан кейін таяқшасын сәтті тосып, есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Дегенмен матчтың соңғы нүктесін айдын иелері қойды. Кирилл Слепец жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп "Амурдың" пайдасына 4:2, 

4 ақпанда Михаил Кравецтің шәкірттері Владивостокта "Адмирал" командасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу