"Барыс" хоккей клубының құрамы канадалық шабуылшымен толықты

318

Елордалық "Барыс" хоккей командасы Уэйд Эллисонмен келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Барыс" хоккей клубының құрамы канадалық шабуылшымен толықты Фото: shaiba.kz

Канадалық шабуылшымен бір жақты келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін жасалған.

Уэйд Эллисон хоккейшілік мансабының барлық бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізді. Олардың қатарында "Филадельфия", "Лихай Вэлли Фантомс", "Лихай Вэлли Фантомс" клубтары бар.

Сонымен бірге "Барыс" хоккей командасы шабуылшы Әлихан Өмірбековпен келісім-шартқа қол қойды.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы елордалық клуб сапында 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған. 

Өткен маусымда Әлихан Өмірбеков "Барыс" сапында алғаш рет ойын көрсетті. Ол 52 кездесуде мұз айдынға шығып, үш мәрте гол соқты. Сондай-ақ үш мәрте нәтижелі пас шығарып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу