"Барыс" хоккейшісі допинг қабылдады ма?

2030

Хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы жарыстардан тыс уақытта доппинг тестілеуден өтіп, Владислав Никифоровтың мельдоний қабылдағаны анықталды.

"Барыс" хоккейшісі допинг қабылдады ма?

"Қазақстандық "Барыс" командасының жастар құрамасы - "Снежные Барсы" хоккейшісі Владислав Никифоров мельдоний препаратын қабылдағаны үшін 15 айға ойындардан шеттетілді", - деп хабарлайды Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми сайты. 19 жасар қорғаушы енді тек 2021-жылдың 8-ақпанында ғана айдынға шыға алады.
Ал, ойыншы бұл жағдайды жазда ауруханада емдеу курсынан өту барысында аталған препараттың организміне түскенін және медицина қызметкерлеріне өзінің спортшы екенін ескертіп айтпағандығымен түсіндірді. Нәтижесінде, ол Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тәртібін бұзды. IIHF допингке қарсы ережелерді бұзуды ойдан шығармайды. Ойыншы осы мәселе бойынша шағым түсіріп, өз құқығын қорғаудан бас тартты және дисквалификациямен келісті.
Сонымен қатар IIHF Германия чемпионатында өнер көрсетіп жүрген 30 жасар канадалық шабуылшы Майкл Бадты да кокаин қабылдағаны үшін ойындардан аластатты. Енді канадалық спортшы айдынға тек 2021 жылдың 5-желтоқсанынан кейін ғана шыға алады.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу