"Барыс" хоккейшісі "Жұлдыздар матчында" жеңіске жетті

241

Қазақстандық қақпашы Никита Бояркин Новосібірде өткен Құрлықтық хоккей лигасының "Жұлдыздар матчы" турнирінде командасымен бірге жеңіске жетті.

"Барыс" хоккейшісі "Жұлдыздар матчында" жеңіске жетті Фото: ҚХЛ

Биыл "Барыс" үшін қиынға соққан маусымда біз шағым айта алмайтын бір ойыншы болса, ол Никита Бояркин.

Қақпашы "Барысты" КХЛ турнирлік кестесінің түбінен көтеру үшін бар күшін салуда және лиганың барлық негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша үздік 10-дыққа кіреді.

Сондықтан Никита демалыс күні өткен ҚХЛ "Жұлдыздар матчының" қатысушысы деген атаққа әбден лайық. 

Бояркин Новосібірге "Барыстың" аңыздарының есімдері жазылған тамаша шлемін ала келді. Қақпашы көрме жарысындағы елордалық "Барыс" хоккей клубының жалғыз өкілі болды.

Ол Чернышев дивизионында өнер көрсетті. Команда сенбі күні жартылай финалда жеңіске жетіп, жексенбі күні финалда сынға түсті.

Шағын турнирдің шешуші кездесуінде Чернышев дивизионының өкілдері Бобров дивизионының командасын 9:8 есебімен жеңді.

Жеңімпаз команда 5 миллион рубль яғни теңгеге шаққанда шамамен 26,3 миллион теңгелік ақшалай сыйлыққа ие болды. Осылайша, қазақстандық қақпашы Новосібірден жеңіспен қатар олжалы оралмақ. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚХЛ "Жұлдыздар матчына" қазақстандық хоккейшілерден Роман Старченко мен Талғат Жайлауов та қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу