"Барыс" "Сочиден" ірі есеппен жеңілді

208

Кездесудің фавориті болған елордалықтар өз айдынында жеңіске жете алмады. 

"Барыс" "Сочиден" ірі есеппен жеңілді Фото: ru.hcbarys.kz

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында 2025 жылғы өз алаңындағы соңғы матчтар сериясын "Сочи" командасына қарсы кездесумен бастады.

Медициналық себептерге байланысты бұл ойынға Эмиль Галимов қатыса алмай, оның орнына құрамға Максим Мұхаметов қосылды.

Ойынның басында қонақтар басымдық танытып, Денис Венгрыжановский, Даниил Сероух және Артём Волков бір-бірден шайба соқты. Осыдан кейін астаналықтардың бапкерлік штабы қақпашыны ауыстырып, алаңға Никита Бояркинді шығарды.

Ол биылғы маусымда алғаш рет "Барыс Аренада" ойын өткізді. Айдын иелері сапындағы жалғыз шайбаны Семён Симонов соғып, өзінің нәтижелі сериясын 3 матчқа жеткізді.

Екінші кезеңде Кэмерон Ли "Сочидің" басымдығын арттырды. Ал матчтың соңына таман Венгрыжановский дубль жасап, ойынның қорытынды есебін тіркеді – 1:5.

"Барыс" келесі кездесуін 23 желтоқсанда Астанада "Тракторға" қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу