"Барыс" қаһарына мінді

2996

Нұр-Сұлтан қаласының "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті жеңісіне қол жеткізді. 

"Барыс" қаһарына мінді

Қазақстанның командасы өз айдынында жеңіліп, керісінше сырттағы мачтарда жеңіске жетіп жүреді. Бұл қағида соңғы 4 ойында бұзылғанын көз көрді. Ярославль қаласының "Локомативі" мен Уфа қаласының "Салауат Юлаев" командасын өз айдынында екі реттен жеңген "Барыс" жергілікті жанкүйерді әбден қуантты. Осы жеңісті жолдың жалғасын фанаттар бейсенбі күнгі матчтан да күтті. Себебі, осы ойыннан соң ҚХЛда үзіліс жарияланып, "Жұлдыздар матчы" ойналады. 

"Барыс Аренаға" бұл жолы қонақтап Магнитагорск қаласының "Металлург" командасы келді. алғашқы периодты өте нашар бастайтын "Барыс" бұл жолы 0-0 тең ойнап шықты. Осының өзі хоккейшілеріміз үшін жақсы ырым болған сыңайлы. Себебі, екінші периодта ұонақтар қателік жасап, айдын иелері есеп ашты. Шайба авторы Линус Виддель. Ал 35-минутта қонақтардың бір ойыншысы 2 минутқа айдыннан қуылып еді, ойыншылар санының басымдылығын пайдаланған "Барыс" Дарьен Дицтің арқасында есепті 2-0 қылды. Бірақ, 39-минутта сан басымдылығын керісінше қонақтар да пайдаланып кетті. Есеп 2-1. 

Үшінші кезеңнің басында Корбэн Найт пен Роман Старченкобір бірден шайба салып, ойын тағдырын шешкендей көрінді. Себебі, 57-минутқа дейін осы есеп сақталып, "магнитка" ойыншысы Виктор Антипин есеп айырмасын қысқартты. Сосын магнитагорскінің хоккейшілері қақпашыны алып тастап, алты ойыншымен қыспаққа алғанымен "Барыс" қақпасынан саңлау таба алмады. "Барыс" жеңісті серияны одан әрі жалғай түсті. 

"Барыс" келесі ойынын 21 қаңтар күні түзде "Йокерит" командасына қарсы өткізеді. 

Ермұхмаед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу