Орталық шабуылшы бүкіл мансабын Солтүстік Америкада өткізген. 2010 жылы Майкл "Филадельфия" командасына келіп, содан бері ҰХЛ-да 182 матч өткізген. 2016 жылы спортшы "Колдер Кубогының" иегері атанды. Өткен маусымда Шапю "Питтсбургтің" фарм-командасы "Уилкс-Барре/Скрэнтон Пингвинз" құрамында өнер көрсетті. 57 кездесуде ойыншы 33 (12+21) ұпай жинады. Жалпы АХЛ-да шабуылшы 445 ойын өткізіп, 292 (121+171) ұпай жинады.
Майкл Шапю Астанаға келесі аптада келеді. Барлық қажетті медициналық тексерулерден өткен соң "Барыстың" өз айдынында өткізетін матчтар сериясына дайындалады.
Айта кетейік, елордалық хоккей клубы қазіргі таңда Череповец – Ярославль – Мәскеу бағыты бойынша турнеге аттанып, сырт алаңдағы ойындарын өткізуде. 26 қыркүйек күні "Барыс" Астана уақыты бойынша 22:30-да "Локомотивпен" (Ярославль) кездеседі.
Ермұхамед Мәулен