"Барыс" қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

1021

Нұр-Сұлтанда "Автомобилистке" қарсы өткізген кездесуінде елордалық команда 5:4 есебімен жеңіске жетті.

"Барыс" қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

Екатеринбург қаласынан келген ұжым сенбі күні "Тракторға" қарсы өте қиын матч өткізді. 65 минут ішінде челябинскілік қарсыластың қақпасына 54 соққы жасады. Бірақ, олардың біреуі ғана нәтижелі болды. Ойын қорытындысы бойынша "Трактор" командасы жеңіске жетті (2:1 Б). Ал "Барыс" өткен турда "Сібірмен" мұз айдынында әжептәуір тер төкті. Ойын овертаймның соңғы минутында ғана айдын иелерінің пайдасына шешілді - 2:1.

Жалпы өткен маусымда "Барыс" пен "Автомобилист" өзара төрт рет ойнады. Командалар негізгі уақытта екі реттен жеңіске жетті.

Бұл жолы үй сериясының финалдық кездесуінде "Барыс" овертаймда "Автомобилистті" 5: 4 есебімен ұтты. Роман Старченко денсаулығына байланысты матчқа қатыса алмады. Алғашқы минуттардан бастап оның орнын Максим Мусоров басты.

Кездесудің басында командалар бір-бірімен гол алмасты және екі гол да әдемі комбинациялардың нәтижесі болды. "Барыс" сапынан Даррен Диц, ал қонақтардан Данил Романцев гол соқты. Егор Петухов шайбаны екінші кезеңнің ортасында қақпаға дәл көздеді. "Автомобилист" бұған екі рет жауап берді. Қарсы шабуыл нәтижесінде Джесси Блэкер мен Георгий Белоусов ерекшеленді.

Үшінші кезеңде де командалар өз мүмкіндіктерін іске асыруды жалғастырды. Екатеринбургтен келген команда Михайлис пен Морроудың соққан голдарына Макеевтің дәл лақтыруымен жауап берді. Қосымша уақыттың соңғы минутында Якоб Лилья матчтың нүктесін қойды. Осылайша елордалық команда қатарынан екінші матчта жеңіске жетіп, өз айдынындағы матчтарт сериясын аяқтады. Шығыс конференциясында сегізінші орынға жайғасқан "Барыс" енді Магнитогорск - Мәскеу – Ярославль бағыты бойынша сапарға аттанады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу