"Барыс" қатарынан 4 ойында жеңіліс тапты

235

Қыркүйектегі өз алаңындағы екінші ойындар сериясын "Ақ Барспен" кездесу арқылы бастаған астаналықтар бұл ойында да табысқа жете алмады.

"Барыс" қатарынан 4 ойында жеңіліс тапты Фото: Барыс ХК

Маусымда алғаш рет ҚХЛ-да Всеволод Логвин мен Кирилл Ляпунов айдынға шықса, қақпада жаңа қақпашы Адам Шил дебют жасады.

Алайда оның ойыны ұзаққа созылмады – қақпада небәрі 14 секунд қана тұрып, қазандық Владимир Алистров алғашқы голды соқты.

Бірінші кезеңнің соңына дейін "Барыс" ойыншылар санындағы басымдықты пайдалана алмады. Екінші кезеңде алаң иелері басымдық көрсетіп, бірнеше рет қауіпті шабуыл ұйымдастырды, бірақ қақпашы Тимур Билялов "Ақ Барсты" құтқарып қалды.

Шешуші үшінші кезеңнің басында Никита Дыняк қонақтардың екінші шайбасын соқты. Араға бірнеше секунд салып, Майкл Веккьоне көк сызықтан жасалған соққыны голға айналдырып, есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен, қалған уақытта "Барыс" таразы басын теңестіре алмады.

Есеп: "Барыс" – "Ақ Барс" 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

Голдар:

0:1 – 00:14 – Алистров (Семёнов, Барабанов)

0:2 – 42:27 – Дыняк

1:2 – 42:56 – Веккьоне (Масси, Морелли)

Қақпашылар: Шил – Билялов

27 қыркүйекте Михаил Кравецтің шәкірттері өз алаңында "Сібірге" қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу