Подольскілік команда чемпионаттың басында екі кездесуде жеңіске жетіп, жаңа маусымды біршама сәтті бастады. Дүйсенбі күні Вячеслав Буцаевтың шәкірттері өз алаңында "Салават Юлаевты" 3:2 есебімен жеңді. Гол авторлары Илья Аркалов, Михаил Смолин және Владислав Кара. Қақпашы Дмитрий Шикин қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарды. "Витязь" құрамасының бас бапкері баспасөз мәслихатында командасының көрсеткіші онша жақсы болмаса да, нәтижеге көңілі толатынын айтты.
"Барыс" соңғы турда СКА-ға 1:3 есебімен ұтылды. Матчтан кейін Андрей Скабелка ойыншыларының қорғаныста өте жақсы жұмыс істегенін, бірақ шабуылда аз қимылдағанын атап өтті. Санкт-Петербургтік командаға қарсы соққан жалғыз шайбаның авторы ағымдағы тұрақты маусымда өзінің мергендігімен көзге түсіп үлгерген Линден Вей болды. Андрей Шутов 33 соққыны қайтарды.
Өткен маусымда "Витязь" бен "Барыс" Нұр-Сұлтанда бір рет кездескен болатын. Ол уақытта Подольскілік команда 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Жаңа маусымдағы үшінші кездесуде "Барыс" "Витязьдан" тағы да ұтылды – 0:5. Бұл матчта өткен ойынмен салыстырғанда үш өзгеріс болды. Оның екеуі қорғаныс шебіне тиесілі. Ойынға Юрий Сергиенко мен Владислав Семиннің орнына "Барыс" сапында ресми кездесулерде дебют жасаған Егор Шалапов пен Максим Минеев шықты. Алғашқы минуттардан-ақ Никита Бояркин қақпадан орын алды.
Алғашқы кезеңде қазақстандықтардың басымдығымен өтті. Олар сегіз минуттай шайбаға иелік етті. Үзіліске 23 секунд қалғанда Скотт Уилсон бұрыштан лақтыру арқылы "Витязьді" алға шығарды. Соңғы үшінші кезеңде Степан Старков, Владислав Кара және Джереми Рой бір-бірден гол соқты. Сонымен қатар Кирилл Расказовта көзге түсті. Ал Андрей Скабелканың шәкірттері қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.
Енді 9 қыркүйекте "Барыс" Сочимен кездесіп, сырт алаңдағы матчтардың бірінші сериясын аяқтайды.
"Витязь" – "Барыс" 5:0 (1:0, 0:0, 4:0)
1:0 – 19:37 – Уилсон
2:0 – 43:52 – Старков (Рой, Смолин)
3:0 – 47:05 – Кара (Галузин)
4:0 – 48:44 – Рой (Уилсон)
5:0 – 52:57 – Рассказов (Гончаров)
Қақпашылар: Шикин - Бояркин (Шутов, 48:44-60:00)
Ермұхамед Мәулен