Матчтың негізгі оқиғалары екінші кезеңде болды. Филипп Мэйллет алғашқы болып есеп ашты. "Барыс" бұған үш голмен жауап берді. Дінмұхамед Қайыржан шайбаның қақпадан кері серпілгенін тамаша пайдаланып кетті. Ал Джереми Бракко Антон Сагадеевке қарсы фол үшін айып добын сәтті орындады. Энтони Луи да "Металлург" қақпашысынан айласын асырды.
Финалдық үшінші кезеңнің ортасында Валерий Орехов өзінің бұрынғы командасының қақпасына гол соғып, магнитогорскілік команданы ойынға қайта қосқандай болды. Соңғы минуттарда "Металлургтың" бапкерлер штабы қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстыруды жөн санады. Оған қоса Бояркин қорғайтын қақпаға толассыз шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен қазақстандық команда голдан аман қалып, соңғы ысқырыққа дейін есепті сақтап қалды.
Осылайша, Андрей Скабелка шәкірттері елордада өткен турнирде бірінші орынға ие болды. "Металлург" ҚРПК-2022 күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Президент кубогы биыл 12-мәрте өтті. "Барыс" – 7 рет (2010, 2011, 2013, 2015, 2019, 2021, 2022), ал СКА, "Авангард", "Новокузнецк Металлург", "Нефтехимик" және "Амур" бір реттен жеңіске жеткен. Енд3 24-27 тамыз аралығында "Барыс" Челябі облысы губернаторының кубогында "Металлург", "Автомобилист" және "Трактор" командаларымен ойнайды.
"Металлург" – "Барыс" 2:3 (0:0, 1:3, 1:0)
1:0 – 27:41 – Майе (Яковлев)
1:1 – 33:06 – Кайыржан (Грэм, Гусейнов)
1:2 – 34:39 – Бракко ШБ
1:3 – 37:20 – Луис (Вей, Минеев)
2:3 – 50:57 – Орехов (Платонов)
Қақпашылар: Паскуале – Бояркин
Ермұхамед Мәулен