Нұр-Сұлтан қаласының хоккей клубы өзінің Гагарин Кубогіндегі ең үздік нәтижесін қайталай алды. Бұған дейін "Барыс" конференцияның жартылай финалына шыққанымен, плей-оффтың екінші кезеңінен әрі аспайтын. 2013/2014 жылғы маусымда қазақстандық клуб "Салауат Юлаевқа" серияда 2-4 есебімен, 2016/2017 жылғы маусымда "Металлургқа" 0:4 есебімен, 2018/2019 жылы өткен маусымда "Авангардқа" 1:4 есебімен есе жіберген болатын.
Кездесу өте тартысты өтті. Ойынның небәрі 6-минутында есеп 2:1-ге жетті. Айдын қожайындарынан Антон Сагадеев пен Даррен Диц көзге түсті. Алғашқы айналым біткенше Сагадеев дубль жасады. Ал, екінші айналым басталғаннан кейін Павел Акользин есеп айырмашылығын 3 шайбаға дейін ұлғайтты. Артем Минулиннің голы "Металлургты" ойынға қайта қосқанымен, "Барыс" басымдылықты қолдан бермей, бос қақпаға бесінші голды соқты. Сонымен, бесінші кездесуді 5:2 есебімен аяқтаған қазақстандық хоккейшілер сериядағы есепті 4:1-ге жеткізіп, жартылай финалға шықты.
Енді "Барыс" хоккей клубы Шығыс Конференциясының жартылай финалында "Салауат Юлаевқа" қарсы ойнайды.
Ермұхамед Мәулен