"Барыс" ҚХЛ ойындарын Ресейде бастайтын болды

2638

ҚХЛ ойындары 2-қыркүйек басталады.

"Барыс" ҚХЛ ойындарын Ресейде бастайтын болды

Құрлықтық Хоккей Лигасының президенті Алексей Морозов лиганың шетелдік клубтары ойындарды Ресей аумағында өткізетінін, шекара мәселесі шешілмейінше клубтардың барлығы сол жерде қалатынын мәлімдеді.

"Біз кестені қазіргі жағдайға ыңғайластырып жасайтын боламыз. Шетелдік клубтар жоспар бойынша Ресей территориясында маусымды бастауы тиіс. Егер олардың өз елдерінде ойын өткізуге кедергілер туындап жатса, онда олар матчтарды Ресей аумағында өткізе алады. Регламентке сай келетін ареналары бар клубтар оларды қабылдауға дайын. Ресми матчтарды өткізуге ареналарды дайындауға ұзақ уақыт кетпейді.  

Қазіргі таңда біз барлық клубтардың басшыларымен байланыстамыз. Мысалы, Қазақстанда жағдай тұрақталып келеді және клуб маусым алдындағы жаттығуларға жоспар құрды. Ал Минскінің "Динамо" клубына келер болсақ, қазіргі таңда олар ойыншылармен келісім-шарт жасау барысында. Аталған жұмыстар аяқталған соң олар маусымға өтінім береді. Содан кейін ғана қанша шетелдік клубтың ҚХЛ-да ойнайтынын нақты білеміз. Бізде "А" және "Б" жоспары бар. Жағдай реттеліп келеді. Сондықтан жақын арада біз бұрынғыдай хоккей ойнап, айдынға шығамыз деп ойлаймын", - деп қорытындылады Алексей Морозов.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты 2-қыркүйек басталуы тиіс. Оған Ресей командаларынан бөлек, "Барыс" (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), "Йокерит" (Хельсинки, Финляндия), "Динамо" (Рига, Латвия), "Динамо" (Минск, Беларусия), "Куньлунь Ред Стар" (Пекин, Қытай) командалары қатысады.

Коронавирус пандемиясына байланысты шекарадан өту қиындықтары туындағандықтан, Қытай командасы өз елінде өтуі тиіс кездесулерді Мәскеу маңында орналасқан ареналардың бірінде өтізетінін мәлімдеді.  

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу