"Барыс" қонақта "Ак Барсты" жеңді

1636

Қазанның 8-і күні "Барыс" Татарстан астанасында "Ак Барспен" кездесті.

"Барыс" қонақта "Ак Барсты" жеңді

Татарстан астанасының командасы өз алаңындағы матчтар сериясын "Барыспен" өткен кездесумен аяқтады. Соңғы турда Олег Знарктың шәкірттері қосымша уақытта "Автомобилистен" жеңіліп қалды – 1:2. Жалғыз голдың авторы Илья Сафонов болды. "Ақ Барстың" бас бапкері шәкірттерінің жеңіліс тапқанына қарамастан бұл ойында соңына дейін күресіп, мінез танытқан команданы көргенін айтты.

"Барыс" "Ак Барспен" кездесуге дейін қатарынан екі матчта жеңіліп, әрқайсысында қазақстандықтар бір-ақ голдан ғана соға алды. Бейсенбі күні астаналықтар Нижний Новгородта "Торпедодан" жеңіліп қалды – 1:3. Бұл матчта Егор Петухов маусымдағы төртінші голын соқты. Баспасөз мәслихатында Андрей Скабелка ойыншылардың жеке қателіктеріне көңілі толмайтынын мәлімдеді.

Дегенмен "Ак Барспен" кездесуде "Барыс" хоккейшілері қателік жібермеуге тырысып, барын салды деуге болады. Алғашқы кезең қауіпті сәттермен тартысты өтті. "Барыс" нәтижелі қарсы шабуылға шығып, оның соңы Самат Даниярдың голымен аяқталды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы үшін бұл осы маусымдағы алғашқы гол болды.

Айдын иелері Кирилл Петровтың шабуылынан кейін алға шығуға мүмкіндік алды. Екінші кезеңнің басында Петров ойыншылар басымдығын пайдаланып, есепті теңестірді. Бірақ, қонақтар қатарынан екі гол соқты. Әділ Бекетаев көк сызықтан тамаша соққы жасады. Ал Линден Вэй жаңа маусымдағы сегізінші голын соқты. Үзіліске дейін "Ак Барс" Артём Галимовтың күшімен есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңде елордалықтар қорғаныста өте сенімді ойнап, соңғы ысқырыққа дейін есепті сақтап қалды. Енді 11 қазанда Андрей Скабелка шәкірттері өз алаңында "Кунлуньді" қабылдайды.

 "Ак Барс" – "Барыс" 2:3 (0:1, 2:2, 0:0)

0:1 – 18:11 – Данияр (Мұратов)

1:1 – 22:14 – Петров (Сафонов, Войнов)

1:2 – 27:05 – Бекетаев (Сергиенко)

1:3 – 31:58 – Вей (Луис, Григорьев)

2:3 – 36:02 – Галимов

ҚақпашыларБилялов – Гудачек

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу