Жұма күні Финляндия астанасының құрамасы Мәскеуде "Спартакты" 3: 1 есебімен жеңген болатын. Бұл ойында қарсыластар қақпасына Ессе Йоэнсуу, Юлиус Юнттила және Питер Региндер бір голдан соқты. Ал "Барыс" өз алаңындағы матчтар сериясының соңғы кездесуінде "Амурды" 3: 2 есебімен жеңді. ҚХЛ-дағы алғашқы хет-трикті шабуылшы Никита Михайлис соқты. Ағымдағы маусымда командалар арасында өткен алғашқы матчта елордада "Йокерит" - 5: 4 жеңіске жеткен болатын.
Бапкерлер құрамы соңғы кездесумен салыстырғанда команда құрамында бір ғана өзгеріс жасады. Джесси Блейкер бұл жолы Самат Даниярды алмастырды.
"Барыс" бірінші үзіліске аз уақыт қалғанда есеп ашты. Фил Вароне алаң қожайындарының қақпашысын алдап өтіп, қақпа торын тулатты. Йокерит үшінші кезеңнің басында белсенді өнер көрсетіп, Алекс Грант таразы басын теңестірді. Бірақ 3-кезеңнің ортасында Кертис Волк қайтадан қонақтарды алға шығарды. Сәл кейінірек қазақстандық команданың 14 нөмірлі хоккейшісі дубль жасады. Ал Антон Сагадеев кездесудің нүктесін қойды.
"Йокерит" – "Барыс" 1:4 (0:1, 0:0, 1:3)
0:1 – 18:59 – Вароне ГМ
1:1 – 42:15 – Грант (Хаапала, Норман)
1:2 – 51:14 – Волк
1:3 – 56:18 – Волк (Орехов, Михайлис) ГБ
1:4 – 59:19 – Сагадеев (Лилья, Диц) ГБ
"Барыс" пен "Йокерит" командаларының бас бапкерлері Хельсинкиде өткен матчқа өз пікірлерін білдірді.
"Жігіттерді жеңісімен құттықтаймын. Жақсы ойын болды. Карли керемет, сенімді ойнады. Біз қорғаныста жақсы ойнадық. Қарсыластың аймағында гол соғуға мүмкіндіктер болды. Командаға тағы да рахмет айтқым келеді", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.
"Бірінші кезең жоспарымыз бойынша өтпеді. Біз шайбамен нашар ойнадық. Екінші кезеңде қарсыластар жақсы қимылдады. Содан кейін бір сәтте-ақ "Барыс" хоккейшілері біздің қателіктерімізді пайдаланып, матчта жеңіске жетті. Соңғы апталарда команданың жеңілісін ақтауға болмайды. Жігіттер қазір психологиялық тұрғыдан шаршады. Бізде қазір өз алаңымыздағы ойындар жеткілікті. Енді күшімізді қайта қалпына келтіруге тырысамыз", - деді "Йокериттің" бас бапкері Лаури Марьямяки.
Енді 21-қаңтарда Юрий Михайлистің шәкірттері Мәскеудің "Динамосымен" кездеседі.
Ермұхамед Мәулен