"Барыс" қонақта "Локомотивті" тізе бүктірді

160

"Барыс" көшбасшыларды еш қиындықсыз жеңді. 

"Барыс" қонақта "Локомотивті" тізе бүктірді

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ярославльдің "Локомотиві" айдынында өткізді. Бірінші кезеңде Әлихан Өмірбеков көзге түссе, үшінші кезеңде Семен Симонов, Ансар Шайхмедденов және Эмиль Галимов гол соқты. Қақпашы Адам Шил ойынды "құрғақ" нәтижемен аяқтап, қазақстандық клуб Батыс конференциясының көшбасшысын 4:0 есебімен жеңді.
Шайбалар:
0:1 — 18:59 Өмірбеков (Уолш, Савицкий)
0:2 — 46:03 Симонов (Морелли)
0:3 — 50:49 Шайхмедденов (Данияр, Галимов)
0:4 — 54:41 Галимов (Қайыржан, Томпсон)

Қақпашылар: Мельничук — Шил
Астаналық клуб 27 матчтан кейін 23 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында тұр. "Локомотив" 27 ойыннан кейін 38 ұпаймен Батыс конференциясында бірінші орында келеді.

17 қарашада "Барыс" сырт алаңда "Сочимен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу