"Барыс" қонақта "Металлургты" жеңді

1556

"Барыс" сырт алаңда өтетін алты ойындық турнені Магнитогорскінің "Металлург" командасымен кездесумен бастады.

"Барыс" қонақта "Металлургты" жеңді

"Барыстың" бапкерлер штабы бұл жолы қорғаушылардың комбинациясын сәл өзгертті. Ойынға Роман Савченконың орнына Егор Шалапов шықты. Андрей Шутов қақпадан орын алды. Бұл кездесу оның ҚХЛ-дағы дебюті болды.

Кездесудің сегізінші секундында-ақ "Барыс" хоккейшісі есеп ашты. Олкинуораның қателігін Вей мен Әсетов сәтті пайдаланды. Әлихан ҚХЛ-да биылғы маусымдағы ең жылдам голдың авторы атанды. Сәлден соң "Барыстың" 96-нөмірлі ойыншысы тағы да гол соқты. Алайда ұзақ уақыт бейнежазбаның қайталауын қараған төрешілер хоккейшіні қақпашыға кедергі келтірді деп, голды есепке алмады. "Металлург" бұған қарсы шабуылмен жауап берді. Ойынның 12-минутында Коростелёв есепті теңестіріп кетті.

Екінші кезеңнің ортасында дәл осындай комбинацияны қазақстандық команда жасады. Волк пен Михайлис Лильяға тамаша пас шығарды. Ал Лилья мүмкіндікті мүлт жібермеді. Жеті минуттан кейін Липсик алға шығып, екінші рет Шутов қорғайтын қақпаны дәл көздеді. Алайда үзіліске дейін "Барыс" тағы да алға шықты. Даниярдың лақтыруынан кейін Сагадеев шайбаны қақпаға тура бағыттады.

Соңғы үшінші кезеңде "Барыс" хоккейшілерінің басым бөлігі тәртіп бұзып, ойыннан шеттетілгенінің арқасында айдын иелері ойынның бағытын өзгерте алды. Хульстрем мүмкіндіктердің бірін тиімді пайдаланды. Алайда Магнитогорскі хоккейшілері осыдан кейін басымдықтарын нығайта алмады. Есеп 3:3 болып, кездесу овертаймға ұласты. Қосымша уақытта Линден Вей "Барысқа" жеңіс сыйлады. Ал дебютант Шутов өз есебіне 37 сейв жазды. Қорытынды есеп 3:4. Осылайша 47 кездесуде 48 ұпай жинаған елордалық команда Шығыс конференциясында сегізінші орында қалды. Енді Юрий Михайлистің командасы 11 қаңтарда Нижний Новгородта "Торпедомен" кездеседі.

 "Металлург" - "Барыс" 3:4 ОТ (1:1, 1:2, 1:0, 0:1)

0:1 – 00:08: Әсетов (Вей)

1:1 – 12:51: Коростелёв (Зернов, Карпов)

1:2 – 28:08: Лилья (Волк, Михайлис)

2:2 – 35:41: Лайпсик (Майе)

2:3 – 36:29: Сагадеев (Данияр, Юрчо)

3:3 – 47:36: Хульстрём (Голдобин)

3:4 – 63:26: Вей (Лилья)

ҚақпашыларОлкинуора – Шутов

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу