"Барыс" қонақтағы екінші матчта жеңіліс тапты

246

Елордалық ұжым сырт алаңда жеңіске жете алмай келеді. 

"Барыс" қонақтағы екінші матчта жеңіліс тапты

"Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы түздегі сериясын Череповец қаласында жалғастырды. Батырлан Мұратов пен жарақат алған Әлихан Әсетовтің орнына ойынға Руслан Оспанов пен Максим Мұхаметoв шықты.

Кездесу "Северстальдің" басымдығымен басталды. Айдын иелерінің көшбасшысы Кирилл Пилипенко оң жақ шеңберден дәл соққы жасап, есеп ашты. Бұған "Барыс" жылдам қарымта шабуылдармен жауап қатты. Майсон Морелли мен Владимир Волков қақпаны дәл көздеп, екеуі де ҚХЛ-дағы алғашқы голдарын соқты. Екі шайбаның арасы небәрі 20 секунд болды.

Екінші кезеңде ойынның бағыты өзгерді. Череповец ойыншылары бір минутқа жетпей-ақ Шутов қорғаған қақпаны екі рет дәл көздеді. Бұл жолы да Пилипенко мен Никита Камалов көзге түсті. Дәл осы серпіліс матчтың шешуші сәтіне айналды.

Үшінші кезеңде астаналықтар бірнеше жақсы мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал "Северсталь" есепті сақтап, ойын соңына дейін сенімді ойнады. Қорытынды есеп 3:2. Осылайша ресейлік команда жеңіске жетті. 
Северсталь (Череповец) – Барыс (Астана) 3:2 (1:2, 2:0, 0:0)

1:0 – Пилипенко (Ильин, Буренов) – 05:47 
1:1 – Морелли (Веккьоне, Ғалымов) – 12:37
1:2 – Волков (Оспанов, Масси) – 12:57
2:2 – Пилипенко (Цицюра) – 34:21
3:2 – Камалов (Пилипенко, Ильин) – 34:58

Қақпашылар: Скотников – Шутов
Бүгін, 22 қыркүйек күні Михаил Кравецтің шәкірттері Минскіде "Динамомен" кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу