"Барыс" "Куньлунь" командасын айқын басымдықпен жеңді

2418

Құрлықтық хоккей лигасының матчтары аясында "Барыс" сырт алаңда қытайлық "Куньлуньмен" кездесіп, 0:3 есебімен жеңіске жетті.

"Барыс" "Куньлунь" командасын айқын басымдықпен жеңді

Даррен Диц Кирилл Панюковтың тамаша пасынан кейін есеп ашты. Антон Сагадеев ұзаққа созылған позициялық шабуыл нәтижесінде қонақтардың басымдылығын нығайтты. Ал соңғы үшінші кезеңнің ортасында Никита Михайлис алаң иелерінің қақпасына үшінші шайбаны дәл бағыттады. Бірақ "Куньлунь" Хенрик Карлссонның осал тұсын таба алмады. Ол 35 соққының бәрін қайтарды.

"Куньлунь" - "Барыс" (0: 3) матчынан кейін бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

"Жылдам голдар соққанымыз жақсы болды. Бүгін тағы да Карлссон керемет ойнады және бүкіл команда өздерін өте жақсы көрсетті. Барлықтарын жеңіспен құттықтаймын!", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Біз дайындықсыз шыққанбыз. Қарсыластарымызға жол бердік. Ойыншыларымыз не істеу керектігін екінші кезеңнің ортасында ғана түсіне бастады. Егер биылғы маусымның мәселелерін еске түсіретін болсақ, мен жігіттердің қазір көрсетіп отырған деңгейіне көңілім толады. Ойыншылар қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты", - деді "Куньлунь Ред Стар" ХК бас бапкері Алексей Ковалев.  

Осы жеңістің арқасында "Барыс" барлығы 69 ұпай жинап, Шығыс конференциясында алтыншы орынды сақтап қалды. Ал "Куньлунь" 34 ұпаймен соңғы 12-ші орында келеді. 27 ақпан күні Юрий Михайлис шәкірттері тұрақты чемпионаттың бағдарламасын қонақта "Авангардпен" өтетін кездесумен аяқтайды.

 "Куньлунь" – "Барыс" 0:3 (0:2, 0:0, 0:1)

0:1 – 03:14 – Диц (Панюков)

0:2 – 07:14 – Сагадеев (Старченко, Виделль)

Қақпашылар: Смит – Карлссон

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу