"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші мерейтойлық жеңісін тойлады

314

Наурыздағы өз айдыныдағағы алғашқы матчында "Барыс" "Сібірмен" кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші мерейтойлық жеңісін тойлады Фото: КХЛ

Астаналықтардың бапкерлік штабы шабуыл шебіндегі құрамды айтарлықтай өзгертті. Өткен ойында ҚХЛ-да дебют жасаған Артём Шестаков бұл жолы мұз айдынына алғашқы минуттардан шықты. Ал екінші қақпашы ретінде "Снежные Барсы" клубының ойыншысы Джохар Дударкиев келді.

Қонақтар кездесудің басында жақсы ойын көрсетті. Бірақ "Барыс" қорғаныста сенімді ойнап, алғашқы болып есеп ашты. Әділ Бекетаев көк сызықтан шайбаны қақпаға бағыттады. Ал, қарсыластың қақпасы алдында сәтті ойнаған Әлихан Әсетов шайбаны торға дәл бағыттады.

"Сібір" қақпасына екінші шайбаны астаналықтардың жас ойыншылары соқты. Семён Симонов шайбаны Всеволод Логвинге жеткізді. Ол дәл соққы жасап, есепті еселей түсті. Алайда көп ұзамай Георгий Белоусов қарсыластардың қателігін пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. Бұған дейін Шестаков екі рет қарсылас команда ойыншыларымен бетпе-бет шығып, қауіпті шабуылдарды сәтті тойтарған болатын.

Кездесудің соңына қарай қонақтар шабуылдарын үдетуге тырысты. Бірақ қорғанысты бұза алмады. Керісінше, қазақстандық команда екі рет мергендік танытты – Никита Сетдиков бос қақпаға екі шайба салып, дубль авторы атанды.

Бұл жеңіс "Барыс" үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші мерейтойлық жеңіс болды.

8 наурызда Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері өз айдынында ЦСКА-ны қабылдайды.

"Барыс" – "Сібір" 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)

Голдар:

1:0 – 17:54 – Әсетов (Бекетаев, Қайыржан)

2:0 – 27:46 – Логвин (Симонов)

2:1 – 31:25 – Белоусов (Пьянов)

3:1 – 58:59 – Сетдиков (Бекетаев)

4:1 – 59:42 – Сетдиков

Қақпашылар: Шестаков – Костин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу