"Барыс" қытайлық команданы жеңді

1344

Қонақта өткізген ойындардағы төрт жеңілістен соң өз айдынында "Барыс" алғаш рет жеңіске жетті.

"Барыс" қытайлық команданы жеңді

"Барыс" үшін қазан айындағы соңғы матч өз алаңында өтті. Жұма күні біздің команда бес ойынның төртеуінде жеңіске жеткен "Куньлуньды" қабылдады. Ойыншылар құрамына келер болсақ, Антон Сагадеев Дмитрий Гренцтің орнына тізімге қайта оралды.

"Барыс" екі гол соғып, алғашқы кезеңді сәтті өткізді. Тамаша пастан кейін Якоб Лилья гол соқты. Бірнеше минуттан кейін Мэтт Фраттин есепті еселей түсті. Бұл шабуылшының осы маусымдағы алғашқы голы. Екінші кезеңнің басында қонақтар тізгінді өз қолдарына алды. Николишиннің дәл соққысы қақпадан табылып, есеп айыомашылығы қысқарды. Үшінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Нәтижесінде "Барыс" пен Куньлунь" арасындағы кездесу 2:1 есебімен, елордалық команданың пайдасына аяқталды.

Ойын аяқталған соң екі команданың бапкерлері баспасөз жиынында матчқа байланысты өз пікірлерін білдірді.

"Ойынға арналған жоспарымыз орындалмады. Әрине, мен жігіттердің ойын барысында дұрыс шешім қабылдағанын қалаған едім. Бірақ, олар қателіктерге жол берді. Келесі ойынға дайындаламыз және жеңіске жетеміз деп үміттенемін", - деді "Куньлунь" ХК бас жаттықтырушысы Алексей Ковалев.

"Жақсы командалық жеңіс болды. Бүгін біз ширақ қимылдадық, шайбаны жақсы басқардық, қақпаға көп соққы жасадық. Біз осы ойын үшін командаға алғыс айтамыз. Жігіттер жарайсыңдар! Біз соңына дейін күрестік. Біз көрген соңғы ойындарда командада өте жақсы көрінді. "Куньлунь" жабық хоккей ойнайды және қарсы шабуылдарда әрекет етеді. Үш, төртеуі шабуылға қосылады. Біз бұл туралы алдын ала білдік. Осыған байланысты жігіттерге ойын барысында әрдайым мұқият болуды ескерттік. Бүгін біз қорғаныста керемет ойнадық деп айта аламын", - "Барыс" ХК бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис.  

Бұған дейін елордалық хоккей клубы "Йокерит" (4:5 овертаймда), "Ақ Барс" (1:3), "Сібір"(1:3) және "Сочи" (0:3) командаларымен өткізген ойындардың барлығында "Барыс" жеңілген болатын. Келесі кездесуді "Барыс" 3-қарашада өткізеді. Риганың "Динамосымен" кейінге қалдырылған ойын "Барыс Аренада" өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу